Troubleshooting and maintenance instructions

Белгі Мүмкін болатын шешім
Дыбыс шығарылмады. 1. Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Басқару тақтасы опциясын
таңдап, Жүйе жəне қауіпсіздік тармағын таңдаңыз.
2. Əрекет орталығы тармағынан Компьютердің əдеттегі ақаулықтарын жою бөлімін,
одан кейін
Дыбыс ойнатудың ақаулықтарын жою пəрменін таңдаңыз.
Мониторды компьютерге қосу үшін графикалық адаптердегі HDMI сипаттамасы (HDMI) коннекторын
пайдалансаңыз, компьютерде орнатуды бірінші рет бастаған кезінде дыбысты есту үшін компьютердің
дыбысқа арналған Line Out коннекторына аналогтық динамиктерді де қосу қажет. Аналогты
динамиктерді қ
осу үшін Қысқаша орнату кітапшасын қараңыз.
Ендірілген монитор динамиктерін пайдалансаңыз, дыбыс деңгейін реттеу үшін монитордың алдыңғы
тақтасындағы Дыбыс деңгейінің түймесін пайдаланыңыз. Экрандық дисплейді (OSD) енгізу үшін
алдыңғы тақта түймелерін пайдаланыңыз жəне дыбыстың қ
осылып тұрғанына жəне дыбыс деңгейінің
дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Қуатталған (қосылған) динамиктерді қосқандығыңызға жəне олардың қосылып тұрғандығына көз
жеткізіңіз.
Компьютерді өшіріп, динамиктерді ажыратып, қайта қосыңыз. Динамиктерді
ң Line In немесе құлақаспап
коннекторына емес, дыбыс коннекторына қосылғандығына көз жеткізіңіз.
Күту режимінен жалғастыру үшін «Күту режимі» түймесін (таңдалған модельдер үшін) немесе Esc
түймесін басыңыз.
Құлақаспаптар компьютерге (немесе динамик жүйесіне) қосылған болса
, оларды ажыратыңыз.
Интернетке кіру
Белгі Мүмкін болатын шешім
Интернет
бағдарламалары
автоматты түрде
қосылмайды.
ISP ішіне кіріп, қажетті бағдарламаны іске қосыңыз.
Интернетке қоса
алмаймын.
1. Бастау экранына панель управления деп жазып, Басқару тақтасы опциясын таңдаңыз.
2. Желі жəне Интернет параметрінің астындағы Интернетке қосылу түймесін басы
ңыз.
Интернет қосылымының түрі үшін дұрыс кабельдерді пайдаланып жатқандығыңызды тексеріңіз.
Компьютерде қашықтан кіру модемі жəне Ethernet желі адаптері болуы мүмкін (сонымен бірге желі
интерфейс картасы немесе NIC деп аталады). Жергілікті желіге (LAN) қосылу үшін модем стандартты
телефон кабелін пайдаланса, желі
адаптері желі кабелін пайдаланады. Телефон кабелін желі
адаптеріне қоспаңыз жəне желі кабелін телефон байланысының сымына жалғамаңыз; осылай істеу
желі адаптерін зақымдауы мүмкін.
Сымсыз орнату шеберін іске қосыңыз:
1. Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Басқару тақтасы, Желі
жəне
Интернет, одан кейін Желі жəне ортақтасу орталығы опциясын таңдаңыз.
2. Желі жəне Ортақ пайдалану орталығы терезесінде Қосылымды немесе желіні орнату түймесін
шеберді ашу үшін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйеде сыртқы антенна бар болса, антеннаны
жақсырақ орынға жылжытуға тырысыңыз. Ішкі антенна
болса, компьютерді жылжытуға тырысыңыз.
Кейінірек қосылуға əрекет жасаңыз немесе көмек алу үшін интернет қызмет провайдеріне (ISP)
хабарласыңыз.
6
Бап 2 Ақауларды жою