Ақауларды жою жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулық
Авторлық құқық жəне лицензия © Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Бұл құжаттағы мəліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Maзмұны 1 Компьютерді қорғау ...................................................................................................................................... 1 Компьютердің қауіпсіздік мүмкіндіктері ........................................................................................... 1 2 Ақауларды жою .............................................................................................................................................. 2 Компьютер іске қосылмайды ..........................
iv
1 Компьютерді қорғау Компьютер жүйе мен оның деректерінің тұтастығын рұқсатсыз кіруден қорғайтын мүмкіндіктерді қамтиды. Дұрыс пайдалану үшін осы мүмкіндіктерді қарап шығыңыз. Компьютердің қауіпсіздік мүмкіндіктері Компьютердегі қауіп Компьютер мүмкіндігі Компьютерді немесе пайдаланушы тіркелгісін рұқсатсыз пайдалану Пайдаланушы құпиясөзі Құпиясөз - компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалар тобы.
2 Ақауларды жою Монитор немесе принтердегі ақаулар сияқты перифериялық нақты ақаулар туралы ақпаратты алу үшін өнім өндірушісі ұсынған құжатнаманы қараңыз. Келесі кестелер орнату, іске қосу немесе компьютерді жəне мүмкін болатын шешімдерді пайдалану кезінде кездестіретін кейбір ақауларды көрсетеді. Ақауларды жою параметрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін компьютермен берілетін Қысқаша орнату нұсқаулығын көріңіз немесе сайтқа өтіп, компьютер моделін іздеңіз.
Белгі Мүмкін болатын шешім Компьютер құлыптаулы болуы мүмкін жəне жауап бермейді. Windows тапсырмалар реттеушісі параметрін жауап бермейтін кез келген бағдарламаны жабу немесе компьютерді қайта іске қосу үшін пайдаланыңыз. 1. Пернетақтадағы Ctrl+Alt+Delete пернелерін бір уақытта басыңыз. 2. Тапсырмалар реттеушісі опциясын таңдаңыз. 3. Жауап бермейтін бағдарламаны таңдап, Тапсырманы аяқтау түймесін басыңыз. Бағдарламаларды жабу жұмыс істемесе, компьютерді іске қосыңыз: 1.
Белгі Мүмкін болатын шешім Экран бос. Экран дисплейінің қайта көрінуі үшін пернетақтадағы бос орын пернесін басыңыз немесе тінтуірді жылжытыңыз. Күту режимінен жалғастыру үшін «Күту режимі» түймесін (таңдалған модельдер үшін) басыңыз немесе пернетақтадағы Esc пернесін басыңыз. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз. Монитордың бейне коннекторында майысқан істіктердің бар-жоғын тексеріңіз. Экрандағы кескін тым үлкен немесе кішкентай немесе кескіндер анық емес.
Пернетақта жəне тінтуір (сымсыз) Белгі Мүмкін болатын шешім Сымсыз пернетақта немесе тінтуір жұмыс істемейді немесе олар табылмады. ● Сымсыз пернетақтаны немесе сымсыз тінтуірді қабылдағыштан қалыпты жағдайда 10 метр (32 фут) шамасында жəне бастапқы орнату немесе қайта синхрондау кезінде 30 см (12 дюйм) аралығында пайдаланып жатқандығыңызға сенімді болыңыз. ● 20 минут өшірілгеннен кейін шығатын Тоқтату режимінде тінтуір жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Белгі Мүмкін болатын шешім Дыбыс шығарылмады. 1. Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Басқару тақтасы опциясын таңдап, Жүйе жəне қауіпсіздік тармағын таңдаңыз. 2. Əрекет орталығы тармағынан Компьютердің əдеттегі ақаулықтарын жою бөлімін, одан кейін Дыбыс ойнатудың ақаулықтарын жою пəрменін таңдаңыз.
Бағдарламалық құрал ақауларын жою Белгі Мүмкін болатын шешім Бағдарламалық құрал ақауларын жою үшін үш əдісті орындаңыз: ● Компьютерді толық өшіріп, қайтадан қосыңыз. Бұл - ең оңай (жəне кейде ең жақсы) жол. ● Драйверлерді жаңартыңыз (келесі Құрылғы драйверлерін жаңарту тармағын көріңіз). ● Microsoft жүйені қалпына келтіру бағдарламалық құралын жəне аппараттық құрал драйверін қайта орнатуды пайдаланыңыз (кейінірек осы кестеден Microsoft жүйені қалпына келтіру тармағын көріңіз).
Белгі Мүмкін болатын шешім Бағдарламалық құралды немесе аппараттық құрал драйверін қайта орнату Өндіруші орнатқан бағдарламалық құрал немесе аппараттық құрал драйверлерінің кез келгені зақымдалған болса, оны HP қалпына келтіру менеджері қолданасын пайдалану арқылы қайта орнатуға болады (таңдаулы үлгілер үшін). ЕСКЕРІМ: Компьютерде қамтылған CD немесе DVD дискілерімен келген бағдарламалық құралдарды қайта орнату үшін HP қалпына келтіру менеджері пайдаланбаңыз.
3 Жүйені қалпына келтіру Жүйені қалпына келтіру қатты дискіні толығымен өшіріп, қатты дискіні қайта форматтайды. Бұл кезде жасалған барлық деректер файлдары жойылады, содан кейін операциялық жүйе, бағдарламалар мен драйверлер қайта орнатылады. Бірақ, компьютерде өндіруші орнатпаған барлық бағдарламаларды қайта орнату керек. Бұған компьютермен бірге берілетін ақпарат тасушылардағы бағдарламалар жəне сатып алғаннан кейін орнатылған барлық бағдарламалар кіреді.
Егер компьютер жұмыс істеп тұрып, Windows жүйесі пəрмендерге жауап берсе, жүйені мына қадамдарды орындап қалпына келтіріңіз. 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерден монитор, пернетақта жəне тінтуірден басқа барлық перифериялық құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. 4. Бастау экранында восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса, бағдарламаға жалғастыруға рұқсат ету үшін Да түймесін басыңыз. 5.
Қалпына келтіру медиасы көмегімен жүйені қалпына келтіру үшін: 1. Компьютер жұмыс істеп тұрса, сақтағыңыз келетін барлық деректер файлдарын қамтитын сақтық көшірме DVD дискісін немесе сақтық көшірме USB флэш жадын жасаңыз, содан кейін сақтық көшірме ақпарат тасушысын диск науасынан алыңыз. 2. Қалпына келтіру DVD дискісін пайдаланып жатсаңыз, DVD дискіжетек науасына № 1 қалпына келтіру дискісін салып, науаны жабыңыз. Егер қалпына келтіру USB флэш жадын пайдаланып жатсаңыз, оны USB портына қайта қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін CD немесе DVD+RW, DVD-RW, DVD +RW DL, DVD-RW DL, DVD+R DL немесе DVD-R DL дискілерін пайдалануға болмайды. ● Қалпына келтіру дискілерін жасасаңыз, қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау үшін жоғары сапалы дискілерді пайдаланып жатқандығыңызға сенімді болыңыз. Ақау табылған жағдайда дискілердің қабылданбауы қалыпты жағдай. Сізге əрекетті қайталау үшін жаңа бос дискіні салу ұсынылады.
5. Ақпарат тасушылар тізімінде USB флэш жадын таңдаңыз. Бағдарлама сізге қалпына келтіру дискісін жасау үшін қажет бос орынды айтады. Егер USB флэш жадында жеткілікті бос орын болмаса (кемінде 8 ГБ), ол экранда сұр болады. Далее түймесін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау флэш жадын форматтап, ондағы бүкіл файлдарды жояды. 6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. USB флэш жадына белгі қойып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
4 Техникалық қызмет көрсету Компьютердің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеп жатқанына көз жеткізу үшін, оған қарапайым техникалық қызмет көрсетуді орындау маңызды. Жоспарлар мен тапсырмалар Дұрыс техникалық қызмет көрсету үшін ұсынылатын аралықтарда осы нұсқауларды орындаңыз. Апта сайын Бағдарламалық құралды тазалау Жүйеде жиналып, оның жұмысын төмендететін қалаусыз жəне уақытша файлдарды жою үшін Windows тазалау құралын немесе үшінші тараптың тазалау құралдарын пайдаланыңыз.
Компьютер мен мониторды тазалау Компьютер мен мониторды тазалау үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер мен монитор сымын ажыратыңыз. 2. Монитор экранын тазалау үшін таза жəне құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Монитор экранында суды пайдаланбаңыз. Мұқият тазалау үшін таза шүберекті жəне антистатикалық экран тазалағыш құралын пайдаланыңыз. 3. Процессор жəне монитор шаңын сүрту үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Сенсорлық экранды тазалау (таңдалған модельдер үшін) ЕСКЕРТУ: Тазартқыш құралын экранға тікелей шашпаңыз немесе оған қоймаңыз; тазартқыш құралын шүберекке шашып, сенсорлық экранның бүйір жақтарын жəне бетін сүртіңіз. Экран бетінің бүйір жақтарын тазалау кезінде қатты тазалау құралын немесе шүберекті пайдаланбаңыз, себебі ол сенсорлық экранға зақым келтіреді. Сенсорлық экранды тазалау үшін осы қадамдарды орындаңыз: 16 1. Компьютерді өшіріңіз.