Start here
2 Бастау экранында шарлау
Жаңа Windows 10 амалдық жүйесі бұрынғы бөлшектердің алдыңғы Windows нұсқаларының
графикалық көрінісі мен әдетті Бастау түймешігінің ыңғайлылығын біріктіреді. Бастау мәзірінен Қуат,
Параметрлер, Жетектеуші және Іздеу сияқты жиі қолданылатын бағдарламалар мен құралдарды
жылдам ашуға болады.
Әрекет Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану
(1) Бастау мәзірін көрсету Тапсырмалар тақтасының төменгі сол жақ аймағындағы Пуск
(Бастау) түймешігін басыңыз.
(2) Компьютердегі барлық бағдарламалар тізімін
табу
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Все программы (Барлық
бағдарламалар) белгішесін таңдаңыз.
(3) Компьютерді сөндіру Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін,
содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін
таңдаңыз.
(4) Бағдарламаны ашу Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз, одан кейін бағдарламаны
таңдаңыз.
Жаңа Іздеу мүмкіндігін пайдалану
Веб, бағдарламалар және файлдар сияқты бірнеше аймақтан бір мезгілде іздеуге болады.
▲
Іздеу үшін тапсырмалар тақтасындағы іздеу жолағына кілт сөзді теріңіз.
2 2-тарау Бастау экранында шарлау