User's Guide
1 Алғашқы жұмыс
Бұл компьютер жұмысыңыз бен ойын-сауық сапасын арттыруға арналған мықты құрал болып
табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар,
компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер, қауіпсіздік және ыңғайлылықты қамтамасыз ету
және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып
шығыңыз
.
Ең жақсы тәжірибе
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, HP компаниясы зерделі қаржыландырудың ең көбін алу
үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынады:
● Қалпына келтіру медиа құралдарын жасау арқылы катты дисктің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (44-бет) бөлімін қараңыз.
● Әлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты
Желіге қосылу (9-бет) бөлімінен қараңыз.
● Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарымен танысыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін Компьютермен танысу (5-бет) немесе Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
(14-бет) бөлімін қараңыз.
Қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету
HP компаниясы ұзақ жылдар пайдаланылатын жоғары сапалы өнімдерді жеткізуге тырысады.
Сонымен қатар HP компаниясы сіздің қауіпсіздігіңіз бен ыңғайлылығыңызды ойлайды.
Көзге және бұлшық етке түсетін ауырлық пен шаршауды болдырмау үшін, компьютерді пайдалану
кезінде әр сағатта үзіліс жасап отырыңыз.
1. Қолдарыңызды өз тарапыңызда демалдырыңыз.
2. Мойныңызды созу үшін, басыңызды сәл алға еңкейтіңіз.
3. 5 секунд ұстап тұрыңыз.
4. Қолдарыңызды өз тарапыңызда бос ұстаңыз.
5. Басыңызды бір жаққа бұрып, 5 секунд ұстап тұрыңыз.
6. Басқа жағыңызда қайталаңыз.
7. Қолдарыңызды өз тарапыңызда бос ұстаңыз.
8. Алға қарап тұрып, басыңызды оң иығыңызға қойып, 5 секунд ұстап тұрыңыз.
9. Төмен қарап, басыңызды ақырын ортаға қарай жылжытыңыз. Алға қарап тұрып, басыңызды сол
жақ иығыңызға бұрыңыз.
10. Басқа жағыңызда қайталаңыз.
Қауіпсіздігіңіз бен ыңғайлылығыңызды қамтамасыз ететін басқа да әдістерді үйрену үшін, келесі
мекенжайдағы веб-сайтта орналасқан Қауіпсіздік және ыңғайлылық нұсқаулығын оқыңыз
http://www.hp.com/ergo.
Ең жақсы тәжірибе 1