User's Guide

14 Қолдау көрсету ақпараты
Көмек алу жолы
HP қолдау қызметі компьютерді тиімді пайдалануға көмектесе алады. Қажетті нәрселерді
компьютерде орнатылған құралдар, веб-сайттағы ақпарат, телефон немесе жергілікті сатушы арқылы
табуыңызға болады
.
HP тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласу алдында қолыңызда келесі ақпараттың
болуын қадағалаңыз:
Үлгі нөмірі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
Бағдарламаның жинақтау нөмірі
Амалдық жүйе
Сатып алған күні
Кейінірек пайдалану үшін, өнім туралы ақпаратты жазып қойыңыз.
Тізімдегі бірінші төрт элементті (модель нөмірі, өнім нөмірі, сериялық нөмір және бағдарламаның
жинақ нөмірі) HP қолдау ақпараты қолданбасы арқылы көруге болады. Тапсырмалар тақтасының
іздеу жолағында support (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгін басыңыз.
http://www.hp.com/apac/register веб-сайтына тіркелуді ұмытпмаңыз.
Көмек алатын жер
Жабдық және бағдарламалық құрал сұрақтары бойынша көмек алу үшін Анықтама алу
бағдарламасын пайдаланыңыз. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Получить справку
(Анықтама алу) бағдарламасын таңдаңыз.
HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) Тапсырмалар жолағының іздеу терезесінде support
(қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгін басыңыз.
HP қолдау орталығы пайдалы ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтамасыз етеді және
келесілерді қамтиды:
HP техника маманымен чат арқылы кеңесу
Қолдау қызметінің телефон нөмірлері
HP қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
Желі арқылы көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/support.
54 14-тарау Қолдау көрсету ақпараты