User's Guide
Кесте 8-7 Интернетке кіру симптомдары мен шешімдері (жалғасы)
Белгі Мүмкін болатын шешім
байлансының таңбасы
жоқ
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарлама ақаулықтарын жөндеу
Кесте 8-8 Бағдарламалық құрал симптомдары мен шешімдері
Белгі Мүмкін болатын шешім
Жалпы
бағдарламалық
құрал ақауларын
жою үшін, келесі
әдістерді орындап
көріңіз:
● Компьютерді толық өшіріп, қайтадан қосыңыз.
● Дискілерді жаңартыңыз. Осы кестеде «Құрылғы дискілерін жаңарту» бөлімін қараңыз.
● Компьютердің бағдарламалық құрал орнатылмастан бұрын пайдаланылған конфигурациясын қалпына
келтіріңіз. Осы кестедегі «Microsoft жүйесін қалпына келтіру» бөлімін қараңыз.
● Бағдарламаны немесе құрылғы дискісін қайта орнатыңыз. Осы кестедегі «Бағдарлама және құрылғы
дискілерін қайта орнату» тарауын қараңыз.
● Қатты дискіні өшіріп, қайта форматтаңыз, одан кейін амалдық жүйені, бағдарламаларды және драйверлерді
қайта орнатыңыз. Бұл үрдіс жасалған барлық дерек файлдарын жояды. Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару және қалпына келтіру (44-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютерлік
бағдарламалар баяу
жауап беруде.
● Қажетсіз бағдарламаларды жабыңыз.
● Қолданыстан тыс кезде компьютердің вирус сканнерін және басқа жүйе құралдарын қосыңыз.
Қосу қолданбаларын (хабар жіберу және мультимедиа қолданбалары) жүктеуді тоқтаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолына msconfig сөзін теріп, Конфигурация системы (Жүйе
конфигурациясы) бөлімін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер әкімші кілтсөзі немесе растау талап етілсе, кілтсөзді енгізіңіз немесе растаңыз.
2. Общие сведения айдарынан Выборочный запуск (Іріктеп қосу) пәрменін таңдаңыз.
3. Запуск (Қосу) айдарын, одан кейін Открыть диспетчер задач (Тапсырмалар менеджерін ашу) пәрменін
таңдаңыз.
4. Жүктелеуін тоқтатқыңыз келетін қосу элементтерін таңдап, Применять (Қолдану) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер элементке қатысты сенімді болмасаңыз, өшірмеңіз.
5. Егер талап етілсе, Перезагрузить (Қайта бастау) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бағдарламаның қосылу кезінде жүктелуін қосу үшін, компьютерді қайта бастап, қадамдарды кері
орындаңыз.
Маңызды емес графикалық мүмкіндіктерді өшіріңіз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолына file explorer сөзін теріп, Жетектеуші опциясын таңдаңыз.
2. Компьютер белгісін тінтуірдің оң пернесімен басып, Свойства (Сипаттар) бөлімін таңдаңыз.
3. Дополнительные параметры системы (Жүйенің қосымша параметрлері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер әкімші кілтсөзі немесе растау талап етілсе, кілтсөзді енгізіңіз немесе растаңыз.
4. Производительность (Өнімділік) бөліміндегі Расширенный (Кеңейтілген) қойындысынан Параметры
(Параметрлер) бөлімін таңдаңыз.
5. Визуальные эффекты (Көрнекі әсерлер) айдарынан Обеспечить наилучшее быстродействие (Барынша
жылдам әрекетті жабдықтау) пәрменін таңдап, одан кейін OK түймесін таңдаңыз.
Бағдарлама ақаулықтарын жөндеу 37