User's Guide

USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау (тек таңдаулы
өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt™ құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB
Type-C кабелі қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау
үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін, f4 түймесін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әсіресе Расширитьеңейту) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау)
түймесін басып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Системаүйе) тармақтарын таңдаңыз.
Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения
(Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 17