User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Жылтылдайтын монитор жағымсыз әсерлерге себеп болуы мүмкін. Әсерді азайту
үшін, монитор орнын, жарықтандыру күйін немесе көру бағытын реттеңіз.
2. Монитор, компьютер және басқа жабдықтардың қуат сымдарын үзіліссіз қуат жеткізу құралына
(UPS) жалғағанда, HP компаниясы қуат толқынынан қорғау құралын қолдануға кеңес береді. Егер
компьютерде ТД реттегіш, модем қосылымы немесе телефонға қосылымы болса, компьютерді
сигналдық белгісі бар қуат толқынын анықтағыш арқылы қорғаңыз. Теледидар кабелі немесе
телефон сымын қуат толқынынан қорғайтын құралға жалғаңыз, одан кейін құралды
компьютерге жалғаңыз.
3. Компьютерді іске қосып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Өнімнің соңғы пайдаланушы нұсқаулықтарына немесе нұсқаулықтарына кіру үшін,
http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз және өнімді іздеу бойынша экрандық нұсқауларды
орындаңыз. Содан кейін Руководство пользователя (Пайдаланушы нұсқаулары) бөлімін
таңдаңыз.
5. Қосымша ақпарат немесе жаңартулардың басылған нұсқасын компьютердің қорабынан қараңыз.
Компьютер орнатудың бастапқы қадамдарын аяқтаған соң, қосымша апараттық құрылғылар немесе
бағдарламалар орнату қажет болуы мүмкін. Компьютеріңіз үшін жабдықтарды сатып алғанда
амалдық жүйе, жад және басқа талаптарды тексеріп алыңыз. Жаңа бағдарламаны орнату үшін
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Лицензиясы бар түпнұсқа бағдарламаны ғана қолданыңыз. Бағдарламаның көшірмесін
алу заңсыз болуы және орнату нәтижесінде компьютерге вирус жұқтыруыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік жүйесі ондай мәселені анықтау үшін орнатылғанымен ұрлық, қате қолданыс
немесе бағдарламаға шабуыл мүмкіндігіне төтеп бере алмауы мүмкін.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жоғалады. Компьютерді өшірмес
бұрын, міндетті түрде жұмысыңызды сақтаңыз.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
● Компьютер ішіндегі компоненттерге кіру қажет болғанда
● USB не бейне портына немесе құлақаспап не микрофон ұяшығына жалғанбайтын сыртқы
жабдықты жалғағанда
● Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу
арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
(Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
6 2-тарау Компьютермен танысу