User's Guide
2 Компьютермен танысу
Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері
Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда
орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген.
Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз.
Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы
ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Бағдарламалық құралдардың орналасқан жерлері
Бағдарламалық құрал өнімге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Компьютерде орнатылған
бағдарламалық құралдардың тізімін көру үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
Компьютерді орнату
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін:
● Компьютерді су, шаң, ылғал және күйе тимейтін жерге қойыңыз. Аталған қоршаған орта
факторлары компьютердің ішкі температурасын көтеріп, өрт шығу немесе ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
● Жерге тұйықтап тұрған ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы – өте маңызды қауіпсіздік
бөлшегі.
● Қуат сымын кез-келген уақытта оңай қол жететін жердегі айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
● Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз.
● Лазер сәулесінің тікелей түсуін болдырмау үшін CD немесе DVD дискілерінің сыртын ашуға
тырыспаңыз.
● Қуат жабдықтау жүйесі компьютер сатылатын елдің немесе аймақтың талаптарына сай
жасалған. Егер бақса жерде қолдансаңыз, компьютердің айнымалы токқа қоспас бұрын
вольттыққа қатысты жерілікті талаптарды тексеріп алыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін Қауіпсіз және оңтайлы қолданыс нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Бұл нұсқаулықты келесі веб-сайттан қарауға болады. http://www.hp.com/ergo.
1. Компьютерді желдеткіштері жабылып қалмайтындай, кабельдері жүріске кедергі
жасамайтындай немесе үстіне ауыр жиһаз қойылып, бүлініп қалмайтындай етіп
орналастырыңыз.
Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері 5