User's Guide
Жыпылықтамайтын дисплей технологиясының артықшылықтары (тек
таңдаулы өнімдерде)
Жыпылықтамайтын дисплей технологиясына ие мониторлар көзіңізді шаршаудан, құрғаудан,
қышудан немесе тітіркенуден қорғауға көмектеседі. Бұл технология электрондық кестелерде жұмыс
істеу, ойын ойнау немесе бейнелерді ыңғайлы көру мүмкіндігін береді.
Әлсіз көк шам режимін реттеу (тек таңдаулы өнімдерде)
Монитордан шығатын көк жарықты азайту арқылы көзге түсетін көк жарық экспозициясын азайтуға
болады
. HP компьютерлерінде экрандағы мазмұнды оқыған кезде көк жарық шығысын азайтып,
көбірек демалдыратын және кескін үлгіленуін азайтатын параметр бар. Монитордың қолайлы көру
шамын реттеу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. HP Display Control қолданбасын ашыңыз.
2. Параметрді таңдаңыз:
● Слабый синий цвет (Төменгі көк шам): TUV сертификатталған. Көзге жайлылығын жақсарту
үшін, көк шам жарықтығын азайтады.
● Ночь (Түнгі): Ең төменгі көк шам жарықтығына реттейді және ұйқыға әсерін азайтады.
● Чтение (Оқу): Көк шамды және жарықтықты бөлме ішінде көру үшін оңтайландырады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауыр жарақаттану қаупін азайту үшін, http://www.hp.com/ergo сілтемесінде
орналасқан Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын оқыңыз. Бұл нұсқаулықта компьютер
пайдаланушылары үшін компьютерді қосу және жұмыс орнын дұрыс реттеу жолдары, денсаулық
сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Бұл нұсқаулықта
маңызды электр және механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік
ережелері де беріледі.
Монитор жарықтығын зауыттық әдепкі мәнінен қалпына келтіру (тек
таңдаулы өнімдерде)
Зауыттық параметр ретінде орнатылған монитордың бастапқы жарықтық параметрін қалпына келтіру
үшін, HP Display Control қолданбасын пайдалануға болады. Әдепкі жарықтық параметрін қалпына
келтіру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. HP Display Control қолданбасын ашыңыз.
2. Расширенный (Қосымша) бөлімін таңдаңыз.
3. Поддержка (Қолдау) бөлімін қараңыз.
4. Сброс к заводским настройкам (Зауыттық параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2 1-тарау Алғашқы жұмыс