Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2018-2020 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Pentium және Thunderbolt – Intel корпорациясының АҚШтағы және/немесе басқа елдердегі сауда белгілері. Windows – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейдің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем не мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы өнімдер Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows® операциялық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету .............................................................................................. 1 Ақпарат алу ...............................
Қуат ...................................................................................................................................................................... 34 Монитор (тек таңдаулы өнімдерде) ................................................................................................................ 34 Пернетақта мен тінтуір (кабельді) ................................................................................................................... 35 Пернетақта мен тінтуір (сымсыз) ...
1 Алғашқы жұмыс Бұл компьютер жұмысыңыз бен ойын-сауық сапасын арттыруға арналған мықты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер, қауіпсіздік және ыңғайлылықты қамтамасыз ету және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Жыпылықтамайтын дисплей технологиясының артықшылықтары (тек таңдаулы өнімдерде) Жыпылықтамайтын дисплей технологиясына ие мониторлар көзіңізді шаршаудан, құрғаудан, қышудан немесе тітіркенуден қорғауға көмектеседі. Бұл технология электрондық кестелерде жұмыс істеу, ойын ойнау немесе бейнелерді ыңғайлы көру мүмкіндігін береді. Әлсіз көк шам режимін реттеу (тек таңдаулы өнімдерде) Монитордан шығатын көк жарықты азайту арқылы көзге түсетін көк жарық экспозициясын азайтуға болады.
Ақпарат алу Кесте 1-1 Ақпарат алу Тапсырмалар ● Компьютерді орнату Нұсқаулар Орнату нұсқаулары немесе Жылдам орнату парақшасы – немесе – Компьютермен танысу (5-бет) бөлімін қараңыз. ● Интернетке қосу Желіге қосылу (9-бет) бөлімін қараңыз. ● Зауыттық параметрлерін қалпына келтіру Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (44-бет) бөлімін қараңыз. ● Компьютер функцияларын қолдану туралы бейне-нұсқауларды көріңіз http://www.hp.
Кесте 1-1 Ақпарат алу (жалғасы) Тапсырмалар Нұсқаулар ▲ ● Эргономикалық ақпарат алу Тапсырмалар жолағының іздеу өрісіне Документация HP (HP құжаттамасы) сөзін теріп, Документация HP (HP құжаттамасы) бөлімін таңдаңыз. Қауіпсіз және қолайлы жұмыс нұсқаулығы Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: ▲ Тапсырмалар жолағының іздеу өрісіне Документация HP (HP құжаттамасы) сөзін теріп, Документация HP (HP құжаттамасы) бөлімін таңдаңыз. – немесе – ▲ http://www.hp.com/ergo веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Жылтылдайтын монитор жағымсыз әсерлерге себеп болуы мүмкін. Әсерді азайту үшін, монитор орнын, жарықтандыру күйін немесе көру бағытын реттеңіз. 2. Монитор, компьютер және басқа жабдықтардың қуат сымдарын үзіліссіз қуат жеткізу құралына (UPS) жалғағанда, HP компаниясы қуат толқынынан қорғау құралын қолдануға кеңес береді. Егер компьютерде ТД реттегіш, модем қосылымы немесе телефонға қосылымы болса, компьютерді сигналдық белгісі бар қуат толқынын анықтағыш арқылы қорғаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз: ● ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз, Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз, содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз. ● Қуат түймешігін кемінде 10 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. USB порттары Компьютерде көрсетілген USB порттарының біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін.
Кесте 2-1 USB порттары мен сипаттамалары (жалғасы) Құрамдас бөлшек HP Sleep and Charge мүмкіндігі бар USB Type-C Thunderbolt порты Сипаттама USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықтағы деректер тасымалын қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі болғанда да, шағын құрылғыларды зарядтайды. – және – DisplayPort™ шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-C ұясы бар дисплей құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Әрі компьютер Thunderbolt™ қондыру станциясына қолдау көрсетуі мүмкін.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та, дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-сайттардың ақпаратына қол жеткізуге болады. Осы тарауда берілген ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басып, Открыть настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлерін ашу) опциясын таңдаңыз. – немесе – ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, Настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде интернет байланысын орнату кезінде интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет.
HP Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең жолақты мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді байланыс операторының желісімен пайдаланғанда, Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз. 3.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Микрофонды қосу Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. USB Type-C мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат бойынша http://www.hp.com/support ішіне өтіңіз және өнімді іздеу нұсқауларын орындаңыз. USB Type-C кабелі арқылы DisplayPort құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C DisplayPort құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB TypeC кабелі қажет болады.
USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt™ құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз. 3.
Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде ғана) ЕСКЕРТПЕ: болады. VGA бейне құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын VGA кабелі қажет Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз. 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады. Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: HDMI портының пішімі өнімге байланысты өзгеше болуы мүмкін. 2.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Звуки (Дыбыстар) пәрменін таңдаңыз. 2.
● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы бірдей кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
USB Type-C портына құрылғыларды жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. 22 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
5 Экранды шарлау Компьютер экранын мына әдістермен шарлауға болады: ● Түрту қимылдарын пайдалану (тек өнімдерді таңдау) ● Пернетақта мен тінтуірді қолдану Кейбір компьютер үлгілерінің пернетақталарында күнделікті тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе пернелер үйлесімімен орындалатын функциялар бар.
Әрекеттік пернелер Компьютер үлгісіне қарай пернетақтаңыз төмендегі пернелерді қолдауы мүмкін. Кесте 5-1 Әрекеттік пернелер Белгіше Сипаттама «Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады. Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
6 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіліп тұруы тиіс. Бұл тарауда дискіні дефрагментациялау және дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Мына оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Windows 10 S пайдалану арқылы жаңарту Бағдарламаларды жаңарту үшін 1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Microsoft Store опциясын таңдаңыз. 2. Іздеу жолағының жанындағы есептік жазба профилі суретін таңдап, Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) опциясын таңдаңыз. 3. Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) бетінде жаңартулар үшін таңдау жасаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Драйверлерді жаңарту үшін 1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, мына ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз: ● спирт; ● ацетон; ● аммоний хлориді; ● метиленхлорид; ● көмірсутектер; ● бензин немесе сұйылтқыш сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған қандай да бір тазалағыш зат. ЕСКЕРТПЕ: 3. Компьютер толығымен құрғақ болғанша, оны жаппаңыз. Беткейі құрғақ кезде: а. Айнымалы ток көзіне қосыңыз. ә. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын жалғаңыз. б.
Ағаш беткейге күтім көрсету (тек таңдаулы өнімдерде) Құрылғыңыздың беткейі жоғары сапалы ағаш бет болуы мүмкін. Табиғи ағаш өнімдер болса, оларды пайдалану барысында жақсы нәтиже үшін оларға дұрыс күтім көрсету және дұрыс пайдалану өте маңызды. Табиғи ағаштың табиғатына байланысты оның беткейі бірегей және түсі өзгешелеу болуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. ● Ағаш беткейді жұмсақ, антистатикалық микроталшық матамен немесе күдерімен тазалаңыз.
шектеулер болуы мүмкін. Егер компьютердегі сымсыз байланыс құрылғысын қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын, рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: – Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. – Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін.
7 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютерде жүйе мен оның деректерінің тұтастығын рұқсатсыз кіруден қорғайтын функциялар бар. Дұрыс пайдалану үшін осы мүмкіндіктерді қарап шығыңыз. Компьютердің қауіпсіздік функциялары Кесте 7-1 Компьютер қауіптері мен қауіпсіздік мүмкіндіктері Компьютердегі қауіп Компьютер мүмкіндігі Компьютерді немесе пайдаланушы тіркелгісін рұқсатсыз пайдалану Пайдаланушы құпиясөзі Құпия сөз – компьютер ақпаратын пайдалану рұқсатын алу үшін таңдалатын таңбалар тобы.
Кесте 7-1 Компьютер қауіптері мен қауіпсіздік мүмкіндіктері (жалғасы) Компьютердегі қауіп Компьютер мүмкіндігі ● Windows операциялық жүйесінде компьютерге алдын ала орнатылған желіаралық қорғау жүйесінің бағдарламалық құралы бар. ● Компьютерге алдын ала орнатылған антивирустік бағдарлама желіаралық қорғау жүйесінің бағдарламалық құралын қамтиды.
8 Ақауларды жою Келесі кестелер орнату, іске қосу немесе компьютерді пайдалану кезінде орын алатын ақауларды және олардың шешімдерін көрсетеді. Қосымша ақпарат немесе ақауларды жою бойынша қосымша опцияларды алу үшін, http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіп, өнімді табу нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Монитор немесе принтер сияқты перифериялық құрылғыларды компьютеріңізбен бірге пайдалануда қиындықтар туындаса, ауқымды ақауларды жою үшін өнім өндірушісі тарапынан берілген құжаттаманы қараңыз.
Кесте 8-1 Компьютер симптомдары мен шешімдері (жалғасы) Белгі Мүмкін болатын шешім – немесе – Компьютерді өшіру үшін, компьютердегі қуат түймешігін 10 секунд не одан артық уақыт басып тұрыңыз. Содан кейін компьютерді іске қосу үшін, қуат түймешігін қайта басыңыз. Қателік хабары: Жүйе дискісі жарамсыз немесе жүйеге жатпайтын диск немесе диск қателігі. Диск әрекеті тоқтағанда оптикалық дискіні алып, пернетақтадағы бос орын пернесін басыңыз.
Кесте 8-3 Монитор симптомдары мен шешімдері (жалғасы) Белгі Мүмкін болатын шешім ▲ ЕСКЕРТПЕ: Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз. Осы жерде тізімделген ақпаратпен бірге монитормен берілген құжаттарға қараңыз.
Үндеткіштер мен дыбыс Кесте 8-6 Үндеткіш симптомдары мен шешімдері Белгі Мүмкін болатын шешім Дыбыс деңгейі өте төмен немесе нашар. Үндеткіштердің компьютердің артқы жағындағы аудио шығыс (қара) ұясына қосылғандығын қадағалаңыз. (Бірнеше арналы үндеткіштер үшін қосымша дыбыс ұялары пайдаланылады.) Жақсы дыбыс шығармайтын қуатталмаған үндеткіштер (батарея немесе қуат сымы сияқты бөлек қуат көзі жоқ үндеткіштер) ажыратылды. Қуатталмаған үндеткіштерді қуатталған үндеткіштермен ауыстырыңыз. Дыбыс шықпайды.
Кесте 8-7 Интернетке кіру симптомдары мен шешімдері (жалғасы) Белгі Мүмкін болатын шешім байлансының таңбасы жоқ 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бағдарлама ақаулықтарын жөндеу Кесте 8-8 Бағдарламалық құрал симптомдары мен шешімдері Белгі Мүмкін болатын шешім Жалпы бағдарламалық құрал ақауларын жою үшін, келесі әдістерді орындап көріңіз: ● Компьютерді толық өшіріп, қайтадан қосыңыз. ● Дискілерді жаңартыңыз. Осы кестеде «Құрылғы дискілерін жаңарту» бөлімін қараңыз.
Кесте 8-8 Бағдарламалық құрал симптомдары мен шешімдері (жалғасы) Белгі Мүмкін болатын шешім Құрылғы драйверлерін жаңарту Драйверді жаңарту үшін немесе жаңа нұсқасы ақаулықты жоймаса, алдыңғы нұсқасын қайтару үшін, келесі процедураны орындаңыз. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолына device manager сөзін теріп, Құрылғылар басқарушысы таңдаңыз. 2. Жаңартқыңыз келген құралдар тізімін ұлғайту немесе кері жылжыту үшін көрсеткіні таңдаңыз (мысалы, DVD/CD-ROM дискілері). 3.
9 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Windows 10 S компьютерін пайдаланғанда, HP UEFI қолдау ортасын жүктеу және жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар қолданылғандықтан, Windows компьютері мен USB флэш-жадын пайдалану қажет. Қосымша ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу (42-бет) бөлімінен қараңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу USB флэш-жады дискісіне жүктелген HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы келесі жағдайларда пайдалы болады: ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI алдын-ала орнатылған кескінде жоқ. ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI HP Tool бөлімінде қамтылмаған кезде. ● Қатты диск зақымдалған кезде. ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. Загрузить Remote Diagnostics (Қашықтан диагностикалау құралын жүктеу) опциясын таңдаңыз, содан кейін Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз.
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (44-бет) бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз қажет. HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery Download Tool құралын пайдалануға болады. Мәлімет алу үшін: ▲ http://www.hp.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
11 Техникалық сипаттамасы Техникалық сипаттамалары ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздің нақты қуат талаптарын анықтау үшін компьютердің сыртында орналасқан қуат талаптары жапсырмасын қараңыз.
12 Электрстатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
13 Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. HP компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (53-бет) бөлімінен қараңыз.
● Түсіндіру (мысалы, суреттерге мәтін баламаларын, дыбыстарға жазуларды, көрмелерге бейнелеуді және түсті контрастты қолдану арқылы) ● Жұмысқа бейімдеу (пернетақтаға қолжетімділікті, түс контастын, енгізу уақытын, бас тартуды және жылжу мүмкіндігін игеруді реттеу арқылы) ● Түсінікті (оқу, болжау және енгізу көмекші құралдарын реттеу арқылы) ● Тұрақты (мысалы, көмекші технологиялармен үйлесімділікті реттеу арқылы) Заңдар мен ережелер Ақпараттық технологияларға және ақпаратқа қолжетімділік заңды маңыз
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі
14 Қолдау көрсету ақпараты Көмек алу жолы HP қолдау қызметі компьютерді тиімді пайдалануға көмектесе алады. Қажетті нәрселерді компьютерде орнатылған құралдар, веб-сайттағы ақпарат, телефон немесе жергілікті сатушы арқылы табуыңызға болады.
Іске кірісуге арналған телефондық көмек компьютерді сатып алған уақыттан бастап отыз (30) күнді қамтиды. Отыз 30 күннен кейін ақы алынуы мүмкін, бірақ пайдалы қолдау қызметі әліде қол жетімді болады. Тұтынушыға жөндеуге қатысты қолдау көрсету Егер компьютерді жөндеу керек болса немесе бөлшектерін ауыстыру керек болса, сізде екі таңдау бар: ● Көптеген бөлшектер тұтынушылар тарапынан ауыстырылады.
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 51 А ағаш беткейге күтім көрсету 29 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 19, 20, 21 ақауларды жою дисплей (монитор) 34 ақаулығын жөндеу қуат 34 ақаулықтарды жөндеу бағдарлама 37 компьютер қосылмайды 33 ақаулықтарын жөндеу интернетке қосылу 36 пернетақта мен тінтуір (кабельді) 35 пернетақта мен тінтуір (сымсыз) 35 үндеткіштер мен дыбыс 36 ақпарат алу аппараттық құрал 5 бағдарламалық құрал 5 алдыңғы күйге қайтару 44 АМ (арнайы мүмкіндікт
қауіпсіздік фнукциялары 31 қоғамдық WLAN қосылымы 10 қолдау көрсету 54 Қосарлы режим DisplayPort порты қосу 20 құлақаспаптар, жалғау 14 М микрофон, жалғау 15 мобильді кең жолақты модулі IMEI нөмірі 11 MEID нөмірі 11 белсендіру 11 монитор жарықтығының әдепкі мәні, қалпына келтіру 2 П пернелер ұшу режимі 24 пернелер үйлесімі 23 пернетақта жарықтандырғышының әрекет пернесі 24 порттар HDMI 19, 20 HP Sleep and Charge мүмкіндігі бар USB Type-C Thunderbolt порты 8 HP Sleep and Charge мүмкіндігі бар USB порты 7 USB
S SuperSpeed порты және DisplayPort USB Type-C жалғау 16 T Thunderbolt, USB Type-C жалғау 17 U USB SuperSpeed Plus порты, анықтау 7 USB SuperSpeed порты, анықтау 7 USB Type-C SuperSpeed Plus порты, анықтау 7 USB Type-C SuperSpeed порт қосқышы, анықтау 8 USB Type-C SuperSpeed порты, анықтау 7 USB Type-C порты, анықтау 7 USB Type-C порты, жалғау 16, 17, 22 USB порты, анықтау 7 V VGA порты анықтауда қосу 18 18 W Windows жүйені қалпына келтіру нүктесі 44 қалпына келтіру құралы 44 сақтық көшірме 44 Windows құр