User Guide - Windows 8
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін қосу
- Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу
- HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Гибрид графикалар және AMD қосарлы графикалары (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Индекс

10
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау
●
Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру жəне қалыпқа келтіру
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді
жасау
1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс
барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі
жасалады. Қатты диск зақымданған немесе ауыстырылған жағдайда түпнұсқалық амалдық
жүйені қайта орнату ү
шін сақтық көшірмені қолдануға болады.
Жасалған НР қалпына келтіру дискісі қалпына келтіру мақсатына мына мүмкіндіктер
береді:
●
System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені жəне
зауытта орнатылған бағдарламаларды қайта орнатады.
●
Minimized Image Recovery (Ықшамдалған кескінді
қалпына келтіру): түпнұсқалық
амалдық жүйені жəне жабдыққа байланысты барлық драйверлер мен бағдарламалық
құралдарды орнатады, басқа бағдарламалық қолданбалар орнатылмайды.
●
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру): компьютерді қатты дискіден
барлық ақпаратты жойып, бөлімдерді қайта жасау арқылы
түпнұсқалық бастапқы
зауыттық күйіне қалпына келтіреді. Одан кейін түпнұсқалық амалдық жүйе жəне
зауытта орнатылған бағдарламалар қайта орнатылады.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау (65-бет) бөлімін қараңыз.
2. Windows құралдарын қалпына келтіру нүктелерін жасау жəне жеке мəліметтердің сақтық
көшірмесін жасау үшін пайдаланыңыз. Қосымша ақпаратты жəне нұсқауларды алу үшін
Анықтама жəне қолдау бағдарламасын қараңыз. Бастау
экранына справка (анықтама)
сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау
HP Recovery Manager — компьютер параметрлерін сəтті орнатқаннан кейін қалпына келтіру
құралын жасау жолын ұсынатын бағдарламалық құрал. HP Recovery құралын қатты диск
бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру
бастапқы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған
бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады, одан кейін бағдарламалардың параметрлерін реттейді. HP Recovery құралын жүйе
параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына
келтіруге қолдануға болады.
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау
65