User Guide - Windows 8

Table Of Contents
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын іске қосу үшін, компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc
пернесін жылдам басыңыз да, f10 пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде
күшіне енеді.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі жəне
желіаралық қалқаны бар
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының
сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған
вирустардан жəне басқа қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы
керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін
қауіпсіздік бағдарламалық құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе
таңдауыңыз бойынша бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп,
олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын
шешеді.
Жаңа пайда болған вирустардан уақ
ытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы
бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала орнатылуы мүмкін. Компьютерді
толығымен қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес
беріледі
.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін бастау экранында hp support
assistant (hp қолдау көмекшісі) деп теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі)
бағдарламасын таңдаңыз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі
желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқантек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандарDSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану
59