User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында дефрагментация деп жазып, содан кейін Дефрагментация и
оптимизация ваших дисков (Дискілерді дефрагментациялау жəне оңтайландыру)
тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу
үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk
Cleanup құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Бастау экранында освобождение места на диске деп жазып, содан кейін
Освобождение места на диске за счет удаления лишних файлов (Қажетсіз файлдарды
жою арқылы дискіде орын босату) тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы
мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді
жаңарту компьютерге ең соңғы
технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы,
ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін
пайдалана алмайсыз.
HP бағдарламалары мен дискілерінің
ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты
түрде алу үшін тіркеліңіз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, əртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
Құрамында спирті жоқ əйнек тазалағыш сұйықтық
Жұмсақ сабын
қосылған су
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ
антистатикалық шүберек)
Антистатикалық шүберек майлықтар
54
7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету