User Guide - Windows 8
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін қосу
- Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу
- HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Гибрид графикалар және AMD қосарлы графикалары (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Индекс

7
Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету
маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk
Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад
қосу амалдарын орындау арқылы
компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат,
компьютерді тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер
қамтылған.
Компьютер жұмысын жақсарту
Барлығымыз компьютердің тез жұмыс істегенін қалаймыз. Жүйелі түрде қызмет көрсету
тапсырмаларын орындау, Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау) жəне Очистка
диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану арқылы компьютердің жұмысын біршама
өзгертуге болады. Сонымен қатар, компьютер ескірген болса, үлкенірек дискілерді орнату
жəне
көбірек жад қосу амалдарын орындауға болады.
Дискілер ұстау
Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз.
●
Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің
өшірулі, ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді
қосыңыз да, өшіріңіз.
●
Қатты дискіні ұ
стағанда, жерге тұйықталған беткейге қолыңызды тигізіп, жиналған
статикалық токтан құтылып алыңыз.
●
Алынатын дискжетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерді ұстамаңыз.
●
Дискіні дискжетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
●
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғ
анда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына
немесе басқа сəйкес қорғаныс бумасына салыңыз жəне бумаға "FRAGILE" (Сынғыш)
белгісін жапсырыңыз.
●
Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар
жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы белдікті конвейерлер жəне олар сияқты
қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да,
дискілерге зиян келтірмейді.
●
Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен
қыдырғанда немесе
дискжетегін сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қ
осып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
52
7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету