User Guide - Windows 8

Table Of Contents
сияқты ашық тұрған қолданбаларды жаңартады жəне компьютерде ұйқы күйі қосылады. Smart
Connect құралы электрондық пошта сияқты желіден дербес жасалған мазмұнды да
қадамдастырады. Компьютер ұйқы күйінен шыққанда, жаңартылған ақпаратты дереу пайдалана
аласыз.
Бұл
мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, Бастау экранында smart
(смарт) деп теріп, Intel® Smart Connect Technology (Intel Smart Connect технологиясы)
құралын таңдаңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді
өшірмес бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB немесе бейне портына жалғанбайтын
сыртқы жабдықты жалғағанда:
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
жүйесінің Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пəрменін қолдану
болып табылады:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат
түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз.
3. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пəрмендерін таңдаңыз ж
əне
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
немесе
Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Пуск (Бастау) түймесін оң жақ түймешікпен
басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) немесе Выйти из системы (Жүйеден шығу)
тармағын, сосын Завершение работы
(Жұмысты аяқтау) пəрменін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану
мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелерін басып, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз,
содан кейін
Завершение работы (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареясы бар компьютерден батареяны
шығарыңыз.
50
6-тарау Қуат басқару