User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен
болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйіп қалу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға
тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық
,
қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка
(қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға
жеткенде, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасының Battery Check
(Батареяны тексеру) құралы батареяны ауыстыру қажеттігі туралы ескертеді. Батарея HP
компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік
нөмірі болады
. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат беретін HP
компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда болады.
Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу
Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату
нұсқаулары постерінен қараңыз.
Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы
сырттағы айнымалы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс
істемейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде).
Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда.
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына
келтіргенде.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуат көзіне жалғанған кезде:
Батарея зарядтала бастайды.
Экран жарықтығы жоғарылайды.
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
48
6-тарау
Қуат басқару