User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен
деңгейін көрсетеді.
немесе
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткішінің белгішесі
төмен немесе өте төмен заряд
деңгейі туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін жəне
қуат параметрлерін қолдану (44-бет) бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін
өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютерде күту күйі іске қосылады.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне
қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту
күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютеріңіз екі аптадан астам пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын жəне құрғақ жерде
бөлек сақтаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
47