User Guide - Windows 8
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін қосу
- Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу
- HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Гибрид графикалар және AMD қосарлы графикалары (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Индекс

3. Батареяны (3) жоғары қарай бұрып, компьютерден (4) шығарып алыңыз.
Батарея туралы ақпаратты табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support
Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность
(Батарея
жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасы мына құралдармен жəне батарея
туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді:
●
Батареяны тексеру
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение энергии (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
●
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны 2 аптадан астам
уақыт ішінде қолданыста
болмаған немесе зарядталмаған компьютерден шығарып алыңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
46
6-тарау Қуат басқару