User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен
жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір
тармақты
таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан
Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе
«Заряд өте төмен»
деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерде зарядталған батарея
орнатылған болса жəне айнымалы ток адаптері компьютерден ажыратылған болса, компьютер
батарея қуатына автоматты түрде ауысады жəне экран
жарықтығы батареяның қызмет көрсету
мерзімін арттыру үшін азайтылады. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан
ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жə
не басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе
HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы
ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың
жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз немесе
компьютерді Windows жүйесі арқылы
өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны шығару
ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
45