User Guide - Windows 8
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін қосу
- Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу
- HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Гибрид графикалар және AMD қосарлы графикалары (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Индекс

ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде жою
құралдарын ж
əне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер ұсынады.
f2 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні
компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың
екеуінде көрсетіледі.
f5
Таңдаулы үлгілерде пернетақтаның жарықтандырғышы функциясын өшіруге немесе
қосуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
f6 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f7 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f8 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f9 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы
бөлімді ойнатады.
f10 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
f11 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді
ойнатады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді.
Арнайы əрекетті орындау үшін, Windows пернесінің
өзін немесе арнайы пернемен бірге
басыңыз.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану
Жылдм перне – fn пернесі мен esc немесе b пернелерінің тіркесімі.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
41