User Guide - Windows 8
Table Of Contents
- Қосылғанда жанатын шам
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Қуат басқару
- Ұйқы немесе күту күйін қосу
- Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу
- HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Гибрид графикалар және AMD қосарлы графикалары (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Индекс

Веб-камераны пайдалану
Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны
қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құла
қаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио
шығыс (құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу ү
шін, HDMI арқылы дыбысты реттеу
үшін (29-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)
ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар
сатылады.
Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық
,
қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Осы
нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Beats Audio (тек таңдаулы үлгілерде) мүмкіндігін пайдалану
Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін
жетілдірілген дыбыс функциясы.
Beats Audio басқару тақтасын ашу
Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп,
қолмен басқаруға болады.
Веб-камераны пайдалану
27