User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне қарай, компьютерде сымсыз байланыс пернесі немесе бірнеше сымсыз құрылғылар
болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғ
ыларды HP Connection
Manager бағдарламалық құралы арқылы басқаруға болады (тек таңдаулы үлгілерде).
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан
кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) пəрменін, одан кейін Центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пəрменін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Мəліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану жəне бағдарламалық
құралдарға қатынау
Компьютеріңіз желі құрамында болған кезде, компьютерде сақталатын ақпарат пайдаланумен
ғана шектелмейсіз. Желідегі компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен мəліметтерді
бірлесіп пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Фильмі немесе ойыны бар DVD дискі сияқты диск көшірмелеуден қорғалған
болса, оны ортақ пайдалану мүмкін емес.
Бір желідегі қалталарды немесе мазмұнды бөлісу үшін:
1. Windows жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын ашыңыз.
2. Этот ПК (Осы дербес компьютер) экранындағы ортақ пайдаланғыңыз келетін қалта немесе
мазмұнды таңдаңыз. Экранның жоғары бөлігіндегі шарлау тақтасында
ғы Поделиться
(Бөлісу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Отдельные люди (Арнайы адамдар) пəрменін
таңдаңыз.
3. Общий доступ к файлам (Файлдарды ортақтастыру) жолағына атын теріп, Добавить
(Қосу) түймешігін басыңыз.
4. Общий доступ (Ортақ пайдалану) түймешігін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Бір желідегі дискілерді бөлісу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз.
2. Открыть центр управления сетями
и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды
басқару орталығын ашу) пəрменін таңдаңыз.
3. Просмотр активных сетей (Белсенді желілерді көру) ішінен белсенді желіні таңдаңыз.
4. Қауіпсіздік, желілік байқау, файлдар мен принтерлерді ортақтастыру немесе басқа желілік
мүмкіндіктер үшін ортақ
тастыру параметрлерін орнату мақсатымен Изменить
20
3-тарау Желіге қосылу