User Guide - Windows 8

Table Of Contents
3
Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысыКомпьютерлерді корпоративті офистер, үй
жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сия
қты
қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
Bluetooth құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде)компьютерлер, телефондар, принтерлер,
құлақаспаптар, үндеткіштер
жəне камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа
құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі əр
құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады жəне бұл құрылғылар бір-біріне
біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен
33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, «Анықтама жəне қолдау» бөліміндегі
ақпаратты жəне веб-торап сілтемелерін қараңыз. Бастау экранына справка (анықтама) сөзін
теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жə
не қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі
(осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады) (тек таңдаулы үлгілерде)
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз желіге қосылу
19