User Guide - Windows 8

Table Of Contents
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген
барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына
жабыстырылған, батарея ұяшығында немесе қызмет көрсету есігінің астында орналасқан.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз
етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель
нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Сервистік жапсырмалар төменде к
өрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады.
Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1)
Сериялық нөмір
(2)
Өнім нөмірі
(3)
Кепілдік күшінің мерзімі
(4)
Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде)
Microsoft® аутентификация қуəлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан
таңдаулы үлгілерде) Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту
немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.1
нұсқасы алдын ала орнатылған HP платформаларында жапсырма
жабыстырылмаған, бірақ
оларға сандық өнім кілті электрондық түрде орнатылған.
ЕСКЕРТПЕ: НР бекітілген қалпына келтіру əдістері арқылы Windows 8 немесе Windows
8.1 нұсқасын қайта орнату кезінде, бұл сандық өнім кілті Microsoft амалдық жүйесі арқылы
автоматты түрде танылады жəне белсендіріледі.
Техникалық деректер жапсырмасы(лары) компьютер туралы техникалық ақпаратты
береді.
Сымсыз куəлік беру туралы жапсырма(лар) қосымша сымсыз құрылғылар туралы
ақпаратты жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың
мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
18
2-тарау
Компьютермен танысу