User Guide - Windows 8

Table Of Contents
Оң жақ
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат шамы
Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып
табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған.
Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес
құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
К
үту күйіең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу күйі.
(2)
Қатты диск шамы
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск
уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы
ақпаратты
HP 3D DriveGuard пайдалану (53-бет)
бөлімінен қараңыз.
(3)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен
қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя
қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды
,
қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертпелерін
қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау)
экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ:
Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(4)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
6
2-тарау Компьютермен танысу