HP 1405 Switch Series Installation and Getting Started Guide (May 2013)
2-5
НР 1405 коммутаторларын орнату
Орнату іс рəсімдері
Ескертпе Коммутаторларда қуат қосқышы жоқ. Ол коммутаторға жəне одан кейін
айнымалы ток қуат көзіне сыртқы айнымалы ток немесе тұрақты ток қуат
адаптері қосылған кезде токпен жабдықталады. Сыртқы айнымалы ток/
тұрақты ток қуат адаптері автоматты түрде кез келген 100-240 вольт жəне 50 не
60 Гц аралығында реттеледі.
Орнату коммутатормен бірге берілгеннен басқа қуат сымын талап
етсе, сымның
коммутатордың ағымдағы талаптары үшін сəйкес өлшемде болуын қамтамасыз
етіңіз. Қосымша, еліңіздегі қуат сымдарына арналған ережелерді анықтайтын
қауіпсіздік агенттіктің белгісі бар қуат сымын ғана қолданыңыз. Белгі қуат
сымын коммутатормен бірге қауіпсіз қолдануға болатынын қамтамасыз етеді.
Берілген қуат сымы сəйкес келмесе, НР желідегі қолдау орталығымен
байланысыңыз.
Абай болыңыз Тек қана коммутатормен бірге берілген айнымалы ток/тұрақты ток қуат
адаптерін ғана қолданыңыз. НР желі өнімдерімен бірге берілгендерді
қамтитынан басқа адаптерлерді немесе қуат сымдарын қолдансаңыз,
жабдықтың зақымдалуы мүмкін.
2. Төменде сипатталғандай коммутатордағы жарық шығарғыш диодтарды
тексеріңіз.
2-2. сурет Жарық шығарғыш диодтарды тексеру
Коммутатор қосылғанда, коммутатор баптандырылады. Баптандыру
коммутатордың үлгісіне байланысты шамамен бір-үш секунд аралығында
орындалады.
8765
4
321
Байланыс/Жарық шығарғыш
диодтар ретінде қызмет етеді
Қуат жарық
шығарғыш
диоды