User's Guide
Артқы көрінісі
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қуаттың берілуі тоқтатылса,
құрылғыдағы жұмысыңыз сақталады деп
талпыс жасалады. Қуат өшірілген немесе
құрылғы қуат көзінен кездейсоқ ажыратылса,
қуат қайта берілгеннен кейін Chromebox
автоматты түрде қайта қосылады.
(2)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(3)
USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер
сияқты қосымша USB құрылғысы немесе
USB хабі USB 3.0 портына жалғанады.
(4)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе
кез келген сыйысымды сандық не аудио
құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе
дыбыс құрылғыларын қосады.
(5)
Желдеткіш Ауа кіргізіп, ішкі бөліктерді салқындатады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы желдеткіші ішкі
бөліктерді салқындату үшін жəне қызып
кетуден қорғау үшін
автоматты түрде
қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің
біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(6)
Дисплей порты Жоғары сапалы монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық дисплей
құрылғысын қосады.
(7)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/
Аудио кіріс (микрофон) комбо
ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео
үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар
дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл
ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын
қолдамайды.
Артқы көрінісі
3