User's Guide
6
Электростатикалық разряд
Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының
соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу.
Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы
электрондық
бөліктерді зақымдайды. Құрылғының немесе дискінің бұзылуын, мəлiметтiң
жоғалуын болдырмау үшiн мына сақтық шараларын орындаңыз:
●
Шығару немесе орнату нұсқаулары құрылғының ажыратылуын талап етсе, оны қатты жерге
қойып болған соң жəне
қақпағын алып тастамас бұрын ажыратыңыз.
●
Бөліктерді орнатуға дайын болғанша, оларды электростатикалық разряд өтпейтін
контейнерлерде сақтаңыз.
●
Істікшелер, контактілер жəне қосылатын ұштарға тимеңіз. Электрондық бөліктерді қолмен
мүмкіндігінше аз уақыт ұстаңыз.
●
Магниттенбейтін құ
ралдарды пайдаланыңыз.
●
Құрамдас бөліктерін ұстамай тұрып, оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу
арқылы статикалық электр зарядын шығарыңыз.
●
Бөлікті алған кезде оны электростатикалық заряд өтпейтін контейнерде сақтаңыз.
Егер сізге статикалық электр қуаты туралы
немесе бөліктерді алу жəне орнату туралы қосымша
ақпарат қажет болса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
17