User's Guide

жергілікті пайдаланушы деректерін құрылғыны бастапқы қалпына келтіру арқылы өшіре
аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру арқылы рұқсаттар, параметрлер жəне
пайдаланушы иеленетін файлдар сияқты кұрылғыңызда сақталатын барлық есептік жазбаларға
байланысты барлық деректер жойылады. Құрылғыны бастапқы қалпына келтіру есептік
жазбаларға жəне бұл есептік жазбаларға байланысты қадамдастырыл
ған кез келген
деректерге кері əсерін тигізбейді.
1. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы күй аймағын басыңыз.
2. Настройки (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз жəне Показать расширенные настройки
(Кеңейтілген параметрлерді көрсету) пəрменін басыңыз.
3. «Powerwash» бөлімін тауып, Powerwash пəрменін таңдаңыз.
4.
Тілқатысу терезесі ашылады. Перезапустить (Қайта бастау) түймешігін басыңыз.
Chromebox құрылғысын бастапқы қалпына келтіру туралы қосымша толық ақпаратты алу үшін,
https://support.google.com/chromebook/answer/183084 мекенжайындағы веб-торапқа өтіңіз.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде əрекет ету үшін жасалған,
бірақ ол құрылғының қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель
құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде
қолданылуы мүмкін бірнеше əдістердің біреуі ғана болып табылады.
Chromebox құрылғысындағы қауіпсіздік кабелінің ұясы осы бөлімдегі суретте көрсетілгеннен
сəл өзгеше болуы мүмкін. Құрылғыңыздағы қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері
туралы ақпаратты
Chromebox құрылғысымен танысу (1-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Қауіпсіздік кабель құлпын құрылғыдағы қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын
оны кілтпен жабыңыз.
4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
15