User's Guide

2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Дисплейде Chrome жұмыс үстелі көрсетіледі.
Сымсыз желіңізге қосылу
Сымсыз желіге қосылу үшін төменде берілшен қадамдарды орындаңыз.
1. Chrome жұмыс үстелінде Меню Chrome (Chrome мəзірін) ашып, Доступные беспроводные
сети (Қолжетімді сымсыз желілер) пəрменін таңдаңыз немесе экранның төменгі оң
жағындағы күй аймағындағы сымсыз байланыс
белгішесін басыңыз.
2. Ашқыңыз келетін сымсыз желіні таңдап, Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
3. Сұралғанда, құпия сөздер жəне шифрлау кодтарын енгізіңіз. Қауіпсіз қосылу белгішесі
желінің құпия сөз жəне (немесе) шифрлау коды арқылы қорғалғанын көрсетеді.
Қажет болса, қосымша ақпаратты алу үшін желі əкімшісімен хабарласыңыз.
Жергілікті желі бойынша ояту мүмкіндігін қосу немесе
өшіру
Жергілікті желі бойынша ояту функциясы жергілікті желі (LAN) бойынша жіберілген хабар
арқылы құрылғыңызды қосуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Жергілікті желі бойынша ояту функциясы LAN кабелі жалғанғанда ғана жұмыс
істейді. Жергілікті желі бойынша ояту функциясы (қосылған жағдайда) жүйе қайта
жүктелгеннен кейін бастапқы қалпына келтіріледі.
ЕСКЕРТПЕ: Жергілікті желі бойынша ояту функциясын пайдалану үшін, Восстановление
(Бастапқы қалпына келтіру) мүмкіндігін іске қосып, жасаушы режимін бастау қажет.
Жалғастырмас бұрын, файлдардың барлығы бұлтқа немесе сыртқы дискіге сақталғанына көз
жеткізіңіз.
Жергілікті желі бойынша ояту функциясын қосу жəне өшіру іс реті амалдық жүйенің
жаңартылуымен өзгеруі мүмкін. Қосымша ақпаратты жəне жаңартуларды алу,
http://www.hp.com/support мекенжайына өтіп, елді таңдаңыз. Құрылғыңызға арналған
құжаттарды табу үшін Драйверы и загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) параметрін таңдап,
Сымсыз желіңізге қосылу
11