User's Guide

3
Chromebox пайдалану
Музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін
HP құрылғысын көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Құрылғыңызды бұдан да қуатты
көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер
мен
құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Дыбысты пайдалану
Құрылғыңызбен музыка жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның
ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты
сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді құрылғыдағы USB портына немесе аудио шығыс (құлақаспап) ұясына
жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді құрылғыға қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғыға ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді
қосу үшін, HDMI теледидарын не
мониторын жалғау (10-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс
қаттылығын төмендетіңіз.
Гарнитураны қосу
Сымды құлақаспаптарды құрылғыңыздың құлақаспаптарға арналған ұясына қосуға болады.
Құрылғыға сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз.
Бейнені пайдалану
Chromebox құрылғысы таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ кейінірек тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Chromebox құрылғысының барлық мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында оны
сырт
қы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін
пайдаланыңыз. Құрылғыңыздың ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды
қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты жəне DisplayPort үйлесімді құрылғыға қосуға мүмкіндік
беретін DisplayPort интерфейсі болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы Chromebox-тағы дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Ақпаратты құрылғының өндірушісі
нұсқауларынан қараңыз.
Дыбысты пайдалану
9