User's Guide

2
Қосымша пернетақтаны жəне
тінтуірді пайдалану
Қосымша сыртқы пернетақтаны жəне тінтуірді қосу арқылы мəтін теруге, нысандарды таңдауға,
экранда жылжуға жəне басқа функцияларды орындауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік
береді.
КЕҢЕС: НР компаниясы құрылғымен бірге Chrome үйлесімді пернетақтаны пайдалануды
ұсынады. Chrome үйлесімді емес пернетақталар арқылы əрекет пернелері бірдей əрекеттер
орындамауы мүмкін. Chrome үйлесімді пернетақтаны табу үшін,
www.hp.com мекенжайына
өтіңіз.
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекеттер пернелері жəне пернетақта пернелерінің тіркесімдері туралы қосымша ақпаратты
https://support.google.com/chromebook/answer/183101?hl=en бөлімінен қараңыз.
Белгіше Перне Сипаттама
esc
esc пернесі құрылғы функцияларын белсендіру үшін басқа пернелермен
тіркеседі.
АртқаШолғыш журналындағы алдыңғы бетке өтіңіз.
АлғаШолғыш журналындағы келесі бетке өтіңіз.
Қайта
жүктеу
Алдыңғы бетті қайта жүктеңіз.
Толық
экран
Бетті толық экран режимінде ашыңыз.
Экранды
ауыстырып
көрсету
Келесі экранды ауыстырып көрсетіңіз.
Жарықтық
деңгейін
төмендету
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы дисплейде DDC/CI мүмкіндігіне қолдау көрсетілмесе,
жарықтық пернесі жұмыс істемеуі мүмкін.
Жарықтық
деңгейін
жоғарылату
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы дисплейде DDC/CI мүмкіндігіне қолдау көрсетілмесе,
жарықтық пернесі жұмыс істемеуі мүмкін.
Дыбысты
өшіру
Үндеткіш дыбыс деңгейін өшіреді.
Əрекет пернелерін пайдалану
7