User Guide - Windows 7

Сыртқы құрылғыларды ажыратпас бұрын, медиа құралдарын сыртқы құрылғылардан
алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұл əрекетті дискіні тасымалдау, сақтау немесе онымен сапарға шығу
алдында, осы əрекетті орындаңыз. Бұл компьютердiң немесе дискінің бұзылу, дискіге
зақым келу немесе мəлiмет жоғалу қаупін төмендетеді.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жү
ріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік
өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында
болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы белдікті конвейерлер
жəне олар сияқты қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің
орнына рентген сəулелерін
қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты
ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Əуе сапары кезінде компьютер қолдануға
рұқсат беру əуе компаниясының құзырында.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен
«FRAGILE» (Тез сынғыш) деген
ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға
кейбір орталарда тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш
заттардың жанында жəне қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі
бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты на
қты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан
бұрын рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын əр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін
тексеріңіз.
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы
қуат сымы мен адаптері
бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері
əртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты
қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру
жинағы арқылы қоспаңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
47