User Guide - Windows 7

Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін ақпаратты сақтап, құрылғыға байланысты
бағдарламалардың барлығ
ын жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
бағдарламалық құралды жою белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
Қуат берілетін USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін,
құрылғының өшірілгенін жəне айнымалы ток қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз.
2. Құрылғының қуат сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін, құрылғыны өшіріп, содан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат кө
зіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
Жад картасын енгізу жəне шығару
Жад картасын енгізу үшін.
42
7-тарау Ақпаратты басқару жəне бөлісу