User Guide - Windows 7
7
Ақпаратты басқару жəне бөлісу
Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютер бағдарламалық құралы, амалдық
жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск
бар.
Қосымша сыйымдылық не функциялар орындау мақсатында тікелей телефоннан не камерадан
ақпаратты импорттау үшін, оптикалық немесе қатты диск сияқты сыртқы диск жетегін (бөлек
сатылады) жалғаңыз немесе жад картасын салыңыз. Компьютердің USB портына жалғанған
USB флэш жетегі де деректерді жылдам
тасымалдауға мүмкіндік береді. Кейбір құрылғылар
жұмыс істеу үшін компьютердің қуатын пайдаланады. Ал кейбіреулерінің жеке қуат көздері
болады. Кейбір құрылғылардың орнатылатын бағдарламалық құралдары болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы сымсыз құрылғыларды қосу туралы ақпаратты Желіге қосылу (15-бет)
бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін
немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Компьютерлердің көбінде USB пернетақтасы, тінтуір, сыртқы диск жетегі, принтер, сканер
немесе USB хабы сияқты сыртқы құрылғылардың бірнеше түрін компьютерге қосуға
қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылатын бірнеше порт болады.
Компьютерде USB портының бірнеше түрі бар. Осы компьютердегі USB порттарының түрлері
туралы білу үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз. Компьютермен үйлесімді
құрылғыларды сатып алу керек.
Түрі Сипаттама
USB 2.0
Деректерді 60 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
USB 3.0
Деректерді 640 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
SuperSpeed деп те аталатын USB 3.0 порттары USB 1.0
жəне 2.0 құрылғыларымен үйлесімді.
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз.
▲
Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
USB құрылғысын пайдалану
41