User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы ауыстыратын
батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына себеп болуы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына
жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз немесе
компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп
тастаңыз.
1. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны шығару
ысырмасын (2) сырғытыңыз.
2. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
Батареяны салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Батареяны орнына салғанда оны қисайтпаңыз.
1. Батареяны ортасынан ұстап, оны босату ысырмасы орнына түскенше батареяны
компьютерге тура енгізіңіз (1).
36
6-тарау Қуат басқару