User Guide - Windows 7

Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
меңзерді тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші
белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін,
қуат көрсеткішінің
белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Заряд төмен немесе өте төмен деңгейге жеткенде,
батарея белгішесі хабар береді.
Қуат жоспарын таңдау
Қуат жоспары компьютердің қуатты үнемдеу жолын басқарады, сондай-ақ қуат үнемдеуге жəне
компьютер жұмысын арттыруға көмектеседі.
Мына қуат жоспарлары бар:
НР компаниясы ұсынатын. Өнімділікті арттыру мен қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін
автоматты түрде теңестіреді.
Қуат үнемдегіші. Жүйе
өнімділігі мен экран жарықтығын азайту арқылы қуатты
үнемдейді.
Өнімділігі жоғары. Өнімділікті қамтамасыз етеді, бірақ энергияны жоғары мөлшерде
пайдалануы мүмкін.
Өзіңіздің қуат жоспарыңызды жасап, қажеттілігіңізге сай компьютерді пайдалану үшін оны
өзгертуге болады.
Қуат жоспарын таң
дау немесе өзіңіздің жоспарыңызды жасау үшін HP Power Manager (тек
таңдаулы үлгілерде) немесе Windows жүйесінің басқару тақтасын пайдаланыңыз.
HP Power Manager бағдарламасын бастау үшін Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > HP Power Manager (HP қ
уат
реттегіші) тармағын таңдаңыз.
Басқару тақтасындағы қуат параметрлеріне кіру үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления
(Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Параметры питания
(Қуат параметрлері) тармақтарын нұқып, тізімнен қуат жоспарын таңда
ңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Компьютерге зарядталған батарея салынғанда жəне компьютер сыртқы қуат көзіне қосылмаған
кезде, компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, қуатты үнемдеу мақсатында дисплей
жарықтығы төмендетіледі. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда
компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқ
ару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе
HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Қуат жоспарын таңдау
35