User Guide - Windows 7
Пернелер тіркесімдерін пайдалану
Пернелер тіркесімі – fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Қызмет Пернелер тіркесімі Сипаттама
Жүйе ақпаратын ашады.
fn+esc
Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының
нөмірі туралы ақпаратты көрсетеді.
Пернетақтаны пайдалану
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану
Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша
сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да
қолдануға болады. Кірістірілген сандық пернетақта туралы ақпаратты
Пернелер (12-бет)
бөлімінен қараңыз.
Бөлік Сипаттама
num lock пернесі Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады.
Сыртқы пернетақтаның стандартты сан функциясы (зауытта
таңдалған) мен жылжу функциясын (пернелердегі бағыттау
көрсеткілерімен белгіленген) ауыстырып қосу үшін осы
пернені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер
қайта қосылғанда қалпына
келеді.
Кірістірілген сандық пернетақта Сыртқы сандық пернетақта сияқты жұмыс істейтін етіп
зауытта орнатылған. Сан функциясы мен жылжу функциясын
(пернелердегі бағыттау көрсеткілерімен белгіленген)
ауыстыру үшін, num lock пернесін басыңыз.
28
5-тарау Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану