User Guide - Windows 7

f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
HDMI құрылғысын жалғау
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден
көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз.
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды
не мониторды жалғау:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экранда
ғы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған
сайын, көрсету күйі өзгереді.
HDMI аудио параметрлерін реттеу
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
24
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану