User Guide - Windows 7
Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Общение и чат (Байланысу жəне чат) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка
(Анықтама жəне
қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға (сыртқы оптикалық жинақтағыш диск
бөлек сатып алынады), музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға
(соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен
бейнені біріктіруге болады.
Тыңдау əсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар
сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясына жалғау арқылы қосуға
болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жо
ғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI аудио параметрлерін
реттеу (24-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио
кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады. Жазу
кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде
дыбысты жазыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке басының жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын
тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Дыбысты тексеру
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын
басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Керек-жарақтар)
> Устройство звукозаписи (Дыбысты жазу құрылғысы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақта
ңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне жазылған файлды ойнатыңыз.
22
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану