Reference guide
94
Қазақша
Факсты қолмен қабылдау
Егер телефон арқылы басқа біреумен сөйлесіп жатқан
болсаңыз, факстарды тұтқаны қоймай, қолмен ала
аласыз.
1. Принтердің қосылып тұрғанын және науаға
қағаздың жүктелгенін тексеріңіз.
2. Құжаттарды жүктейтін науадан кез келген
түпнұсқаны алып тастаңыз.
Принтер жауап бермей тұрғанда кіріс қоңырауына
жауап беруге мүмкіндік беретін жоғарғы санға
Звонки для ответа (Жауап берілетін қоңыраулар)
параметрін орнатыңыз. Немесе принтер
автоматты түрде кіріс қоңырауына жауап бермес
үшін Авто ответ (Автоматты түрде жауап беру)
параметрін өшіріңіз.
3. Жіберушіден факсты жіберуін сұраңыз.
4. Факс үндерін есту кезінде Факс түймесін басып,
Жіберу және алу түймесін түртіңіз.
5. Қазір алу түймесін басыңыз.
Принтер факсты алуды бастағаннан кейін телефон
тұтқасын қоюға немесе желіде қалуға болады. Факс
берілімі кезінде факс сигналдарын естімеуіңіз мүмкін.
Факсты пайдалану
Ұнамсыз факстарды құлыптау немесе
факстарды басқа мекенжайға жіберу сияқты
факс мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты
анықтама файлдан қараңыз (89-беттегі
“Қосымша мәліметтер” бөлімін қараңыз).
Стандартты факс жіберу
1. Құжаттың басып шығарылатын бетін сканердің
жоғарғы оң жақ бұрышына төмен қаратып қойыңыз
немесе автоматты құжат беру құралына қойыңыз.
2. Басты экрандағы Факс түймесін басыңыз.
3. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
4. Пернетақтаны қолдану арқылы немесе телефон
кітапшасының контактісін таңдау арқылы факс
нөмірін енгізіңіз.
5. Факс нөміріне үзіліс қосу үшін * белгісін дисплейде
сызықша (-) пайда болмайынша басыңыз.
6. Ч/Б (Қара) немесе Цветной (Түрлі-түсті) параметрін
түртіңіз.
Жіберілген факстың сапасындағы ақаулықтар туралы
алушы хабарласа, (Факс параметрі) түрту арқылы
факстың ажыратымдылығын немесе контрастын
өзгертуге әрекет жасаңыз.
Факсты автоматты түрде қабылдау
Әдепкі бойынша, қоңыраулар саны Жауап беруге
дейінгі қоңыраулар параметрінде көрсетілген соң
принтер автоматты түрде кіріс қоңырауларға жауап
береді және факстарды қабылдайды.
Жауап беру құрылғысы принтерге қосылған болса,
принтер үшін жауап берілетін қоңыраулардың саны
жауап беру құрылғысы үшін орнатылғаннан жоғары
болуы қажет.
Факстарды қолмен қабылдау үшін принтердің
басқару тақтасынан Авто жауап параметрін өшіріңіз.
Автоматты жауап параметрлерін өзгерту:
1. Басты экрандағы Факс түймесін басыңыз.
2. Установка (Орнату) түймесін, одан кейін
Параметры (Параметрлер) түймесін түртіңіз.
3. Оны қосу не өшіру үшін Автоответчик (Автоматты
жауап беруші) түймесін басыңыз.
Факс жіберу үшін қолданылатын бірдей телефон
желісіндегі дыбыстық пошта қызметіне жазылсаңыз,
факстарды автоматты түрде қабылдай алмайсыз.
Кіріс факстары қоңырауларына жауап беруіңіз
қажет. Оның орнына факстарды автоматты түрде
қабылдағыңыз келсе, арнайы қоңырау қызметіне
жазылу немесе факс үшін бөлек телефон желісін алу
үшін телефон компаниясымен байланысыңыз.
Факс қабылдау немесе басып шығару кезінде
әрқашан қағаз науасына жеткілікті қағаз
жүктелгенін тексеріңіз. Науаны жапқаннан
кейін бұл қағаз принтер басқару тақтасында
таңдалғандығын тексеріңіз.
Қабылданған факстарды жадтан қайта
басып шығару
Көшірме факсты алу қосулы болғанда, кіріс факстары
принтер қате күйде болса да жадта сақталады.
Принтер өшірілгенде жадта сақталған барлық
факстар жадтан жойылуы мүмкін.
1. Қағаз науаға салынғанын тексеріңіз.
2. Басты экрандағы Факс түймесін басыңыз.
3. Қайта басып шығару түймесін түртіңіз.
Факстар ең соңғы алынған факс алдымен басып
шығарылатындай және т.б. кері ретте басып
шығарылады.
Факсты қосымша телефоннан жіберу
1. Құжаттың басып шығарылатын бетін сканердің
жоғарғы оң жақ бұрышына төмен қаратып қойыңыз
немесе автоматты құжат беру құралына қойыңыз.
2. Телефонның пернетақтасын пайдаланып нөмірді
теріңіз.
Факсты осы әдіспен жіберген кезде принтердің
басқару тақтасындағы пернетақтаны
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
3. Алушы қоңырауға жауап берсе, факсты жібермес
бұрын әңгімелесуге болады.
Қоңырауға факс құрылғысы жауап берсе, факс
құрылғысынан факстың дыбыстық сигналын естисіз.
4. Басты экрандағы Факс түймесін басыңыз.
5. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
6. Факсты жіберуге дайын болған кезде Ч/Б (Қара)
немесе Цветной (Түрлі-түсті) параметрін түртіңіз.
Егер алушымен телефон арқылы сөйлесіп жатсаңыз,
алушыдан факс машинасында факс дыбысын
естігенде, факсты қабылдауын сұраңыз. Принтер
факсты алуды бастағаннан кейін телефон тұтқасын
қоюға немесе желіде қалуға болады. Факс берілімі
кезінде факс сигналдарын естімеуіңіз мүмкін.










