Reference guide

93
HP принтерлерін сандық телефон ортасына қалай орнатуға болады?
HP принтерлері дәстүрлі ұқсас телефон қызметтерімен бірге қолдану үшін арнайы жасалған. Егер цифрлық
телефон ортасында болсаңыз (DSL/ADSL, PBX, ISDN немесе FoIP секілді), принтерді факс жіберуге реттеу кезінде
сандық-аналогтық сүзгілерді немесе түрлендіргіштерді пайдалануыңыз қажет.
Принтердің барлық сандық орталарда барлық сандық қызмет желілерімен немесе провайдерлерімен
немесе барлық сандық-аналогтық түрлендіргіштермен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзіңіз үшін ең жақсы орнату
опцияларын анықтау үшін телефон компаниясына хабарласыңыз.
Ішкі және сыртқы қоңыраулар үшін әр түрлі қоңырау үлгілері бар PBX телефон жүйесінде қоңырау үлгісін
анықтауды орнатып жатсаңыз, қоңырау үлгісін жазу кезінде сыртқы нөмір арқылы принтердің факс нөмірін
енгізуді ескеріңіз.
3
Факс орнатуын сынақтан өткізу
Факс сынағы келесі әрекеттерді орындайды:
Факстың аппараттық құралын сынақтан өткізеді
Принтерге телефон сымының дұрыс түрі жалғанғанын тексереді
Телефон сымының дұрыс портқа жалғанғанын тексереді
Теру сигналын тексереді
Белсенді телефон желісін тексереді
Телефон желісі байланысының күйін тексереді
Факс сынағын іске қосу:
1. Басты экранда экранды саусағыңызбен басып, сырғытыңыз, кейін Факс түймесін басыңыз.
2. Установка (Орнату) түймесін басыңыз.
3. Мастер настройки (Орнату шебері) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Принтер сынақтың
күйін дисплейде көрсетеді де, есепті басып шығарады.
4. Сынақ орындалмаса, ақауды жою жолы бойынша ақпараттың есебін қарап шығып, ұсынылған өзгерістерді
жасап, сынаққа қайтып оралыңыз.
Есептер мен журналдарды пайдалану
Есепті басып шығару
Бұл есептер принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді.
1. Басты экранда саусағыңызбен басып, сырғытыңыз, кейін Факс түймесін басыңыз.
2. Установка (Орнату) түймешігін, одан кейін Отчеты (Есептер) параметрін түртіңіз.
3. Басып шығарылатын факс есебін таңдап, Печать (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Факстардың сәтті түрде жіберілгені туралы басып шығарылған растама қажет болса, Факс растамасы параметрін
таңдап, қажетті опцияны таңдаңыз.
Растама бетіндегі факстың алғашқы бетіне кескін қосу үшін Вкл (отправка факса) (Қосу (факс жіберу)) немесе
Вкл (отправка и прием факса) (Қосу (Факс жіберу және алу)) тармағын таңдап, Подтверждение с изображением
(Кескін арқылы факсты растау) түймесін түртіңіз.
Факс журналын тазалау
Факс журналын тазалау жадта сақталған барлық факстарды да жояды.
1. Басты экранда экранды саусағыңызбен басып, сырғытыңыз, кейін Факс түймесін басыңыз.
2. Установка (Орнату), кейін Сервис (Құралдар) түймесін басыңыз.
3. Очистить журнал факса (Факс журналын өшіру) түймесін түртіңіз.
Қазақша