Reference guide
91
Веб-қызметтер
HP ePrint
HP ePrint арқылы құжаттарыңыз бен суреттеріңізді компьютерден немесе мобильді құрылғыдан (смартфон
немесе планшет сияқты) қауіпсіз және оңай басып шығара аласыз, ешқандай қосымша бағдарламалық құрал
қажет емес! HP ePrint пайдалану арқылы басып шығару үшін құжаттар немесе суреттерді электрондық пошта
хабарына тіркеп, электрондық пошта хабарын тіркелген кезде принтеріңізге тағайындалған электрондық пошта
мекенжайына жіберіңіз. Бұл принтер электрондық пошта хабарын да, тіркемелерді де басып шығарады. HP
ePrint қызметімен жұмысты бастау үшін Басты экрандағы (HP ePrint) түймесін түртіңіз, сұралған кезде веб-
қызметтерді қосыңыз, кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP ePrint пайдалану үшін принтер Интернет байланысын қамтамасыз ететін желіге қосылуы керек.
HP Printables
Желіге қосылған принтердің көмегімен компьютерді қолданбай-ақ, желіден басып шығара аласыз. Күнтізбелерді,
жазу кітапшасын және миллиметрлікті, сөзжұмбақтарды, карталарды, қолөнер бұйымдарын және т.б. басып
шығару үшін Басты экрандағы тек HP Printables түртіңіз!
Сия картриджі ақпараты
Картридждерді орнату: Орнату кезінде сия картридждерін орнату сұралған кезде ‘SETUP’ (орнату) немесе
‘SETUP CARTRIDGE’ (картриджді орнату) белгісі бар принтермен берілген картридждерді пайдаланғаныңызға көз
жеткізіңіз.
Сияны пайдалану: Сия картридждеріндегі сия әр түрлі әдістегі басып шығару процесінде пайдаланылады,
олар басып шығаруға принтер мен картриджді дайындайтын, басып шығару саңылауларының таза
болуын және сияның тегіс ағуын қамтамасыз ететін басып шығару басының қызметін қамтиды. Сонымен
қатар, сия пайдаланылғаннан кейін картриджде кішкене қалдық қалады. Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/inkusage сайтына өтіңіз.
Анонимді пайдалану ақпаратты сақтау орны: Осы принтермен бірге пайдаланылатын HP картриджі принтер
жұмысына көмектесетін және принтерді пайдалану туралы анонимді ақпараттың шектеулі жиынтығын сақтайтын
жад чипі болады. Бұл ақпарат болашақ HP принтерлерді жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.
Қауіпсіздік ақпараты
Өрттен немесе электр тогының соғуынан жарақаттануды азайту үшін осы принтерді пайдаланған кезде әрқашан
негізгі қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
1. Принтермен бірге берілетін құжаттағы барлық нұсқауларды оқып шығып, түсініңіз.
2. Принтерде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз.
3. Тазаламас бұрын бұл принтерді қабырғадағы электр розеткаларынан ажыратыңыз.
4. Принтерді судың жанында немесе өзіңіз су болғанда орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
5. Принтерді тұрақты бетке нық орнатыңыз.
6. Принтерді желі сымын ешкім баспайтын немесе одан сүрініп кетпейтін және желі сымы зақымданбайтын
қорғалған орынға орнатыңыз.
7. Принтер дұрыс жұмыс істемесе, анықтама файлын қараңыз (89-беттегі “Қосымша мәліметтер” бөлімін
қараңыз).
8. Ішінде пайдаланушыға қызмет көрсететін ешбір бөлігі жоқ. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін кәсіби
білікті маманға жүгініңіз.
9. Тек HP компаниясы ұсынған қуат сымын және қуат адаптерін (берілген болса) пайдаланыңыз.
Веб-қызметтерді пайдалану және басқару туралы мәліметтерді алу үшін HP Connected (www.hpconnected.com)
сайтына кіріңіз.
Осы пайдалану ақпараты жинағын өшіру туралы қосымша ақпарат пен нұсқаулықтар алу үшін анықтама
файлын қараңыз (89-беттегі “Қосымша мәліметтер” бөлімін қараңыз).
Қазақша










