Reference guide
90
Қазақша
Ресми мәлімдемелер
Microsoft, Windows, Windows XP, Windows Vista, Windows 7, Windows 8 және Windows 8.1 — Microsoft
корпорациясының АҚШ мемлекетінде тіркелген сауда белгілері.
Mac, OS X және AirPrint АҚШ және басқа да елдерде тіркелген Apple Inc. компаниясының сауда белгісі болып табылады.
Сымсыз
Принтердің басқару тақтасындағы нұсқауларды орындап, HP принтерінің бағдарламалық құралын орнатсаңыз,
принтер компьютеріңізге немесе желіге жалғанады.
Принтер пайдаланып жатқан байланыс түрін өзгерткіңіз келсе (мысалы, USB байланысынан сымсыз байланысқа
немесе керісінше), HP принтерінің бағдарламалық құралы ұсынған құралдарды пайдалануыңыз қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін анықтама файлын қараңыз (89-беттегі “Қосымша мәліметтер” бөлімін қараңыз).
HP принтерлері 2,4 гГц сымсыз желілер байланысын ғана қолдайды және 5 гГц байланысын қолдамайды.
Wi-Fi Direct арқылы HP сымсыз тікелей басып шығарумен бірге сіз компьютерден, смартфоннан, планшеттен
немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғылардан бар сымсыз желіге қосылмай-ақ, сымсыз түрде басып шығара
аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін анықтама файлын қараңыз (89-беттегі “Қосымша мәліметтер” бөлімін
қараңыз).
Сымсыз байланыс ақауларын шешу
(802.11) сымсыз байланыс шамының қосылып тұрғанын тексеру
Принтердің басқару тақтасындағы көк шам жанып тұрмаса, сымсыз байланыс өшірілген болуы мүмкін.
Сымсыз қосу үшін (Беспроводной (Сымсыз)) тармағын, (Параметры (Параметрлер)) тармағын,
Беспроводные параметры (Сымсыз параметрлер) тармағын түртіңіз де, Беспроводной (Сымсыз) өрісіндегі
Вкл. (Қосу) түймесін түртіңіз.
Егер көк сымсыз байланыс шамы жыпылықтаса, принтер желіге қосылмаған. Сымсыз байланыс
орнату үшін принтердің басқару тақтасынан қол жетімді сымсыз орнату шеберін пайдаланыңыз.
Басты терезеде (Беспроводной (Сымсыз)), (Параметры (Параметрлер)), Беспроводные параметры
1
(Сымсыз параметрлер), Мастер беспроводной сети (Сымсыз орнату шебері) түймелерін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің сымсыз желіге қосылғанын тексеріңіз
Компьютердің сымсыз желіге қосылғанын тексеріңіз. Егер компьютерді желіге қоса алмасаңыз, желіні
орнатқан адамға немесе маршрутизатор өндірушісіне хабарласыңыз. Маршрутизатор немесе компьютердің
аппараттық ақауы болуы мүмкін.
Сымсыз байланыс сынағын іске қосыңыз
Сымсыз байланыс дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін сымсыз байланыс сынақ есебін басып шығарыңыз.
1. Принтердің қосылып тұрғанын және науаға қағаздың жүктелгенін тексеріңіз.
2. Басты терезеде (Беспроводной (Сымсыз)), кейін (Параметры (Параметрлер)) түймесін басыңыз.
3. Басып шығару есептері түймесін түртіңіз.
4. Сымсыз байланыс сынағының есебі түймесін түртіңіз.
Сынақ орындалмаса, ақауды жою жолы бойынша ақпараттың есебін қарап шығып, сынаққа қайтып оралыңыз.
Сымсыз сигнал нашар болса, принтерді сымсыз маршрутизаторға жақынырақ жылжытып көріңіз.
Сымсыз желі компоненттерін қайта іске қосу
Маршрутизатор мен принтерді ажыратып, келесі ретпен оларды қайта қосыңыз: алдымен маршрутизатор,
одан кейін принтер. Кейде құрылғыны өшіріп, қайта қосу желі байланысының мәселелерін шешуге
көмектеседі. Әлі де қосылу мүмкін болмаса, маршрутизаторды, принтерді және компьютерді өшіріп, мына
ретпен кері қосыңыз: алдымен маршрутизатор, кейін принтер және соңында компьютер.
Егер сымсыз байланысқа қосылу мүмкін болмаса, принтерді желіге Ethernet кабелі арқылы қосуға болады.
Мәселелер шешілмесе, НР сымсыз басып шығару орталығына (www.hp.com/go/wirelessprinting)
кіріңіз. Бұл веб-сайт сымсыз басып шығару туралы ең толық, ең соңғы ақпаратты, сонымен қатар,
сымсыз желіңізді дайындау; принтерді сымсыз желіге қосу кезіндегі мәселелерді шешу; және
қауіпсіздік бағдарламалық құрал мәселелерін шешу туралы ақпаратты қамтиды.
Windows жүйесімен жұмыс істейтін компьютерді қолдансаңыз, принтерде көздесетін мәселелерді
шешуге көмектесетін Print және Scan Doctor құралдарын пайдалануыңызға болады. Бұл құралды
жүктеу үшін www.hp.com/go/tools сайтына кіріңіз.
4
2
3










