Reference guide

Осы жерде қамтылған ақпарат алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Жұмысты бастау
1. Принтерді орнату үшін орнату парақшасындағы нұсқауларды
орындаңыз.
2. Мобильді бағдарламаны немесе HP принтер бағдарламалық
құралын орнату және принтерді желіге жалғау үшін 123.hp.com
сайтына кіріңіз.
Windows® пайдаланушылары үшін, компьютер интернетке қосылмаса, принтер бағдарламалық құралының
ықшам дискісін компьютерге салыңыз. Орнату бағдарламасы басталмаса, "Компьютер" тармағын шолыңыз,
HP логотипі бар CD/DVD дискі белгішесін екі рет басып, кейін setup.exe файлын екі рет басыңыз.
3. Принтеріңізді белсендіру үшін тіркелгіні интернеттен жасаңыз. Мобильді бағдарламаны немесе принтер
бағдарламалық құралын орнатқан соң, тіркелгі жасау бойынша нұсқау беріледі.
Қосымша мәліметтер
Электрондық анықтама: Анықтама файлын бағдарламалық құралды орнату кезінде ұсынылған
бағдарламалық құралдан таңдау арқылы орнатыңыз. Анықтама файлы өнім мүмкіндіктері, басып шығару,
ақауды жою және қолдау туралы ақпаратты; сондай-ақ, ескертулерді, қоршаған ортаның және нормативтік
ақпаратты, оның ішінде Еуропалық Одақ нормативтік ескертуін және келісім мәлімдемелерін ұсынады.
Readme файлы: Readme файлы принтерді орнату және пайдалану туралы жүйе талаптарын және жаңартылған
ақпаратты қамтиды. HP принтер бағдарламалық құралы ықшам дискісін компьютерге енгізіп, ReadMe.chm
(Windows) екі рет басыңыз немесе Documents (Құжаттар) қалтасын (OS X) ашыңыз.
Интернетте: Қосымша анықтама мен ақпарат: www.hp.com/go/support. Принтерді тіркеу: www.register.hp.com.
Сәйкестік туралы мәлімдеме: www.hp.eu/certicates.
Windows® 8.1
Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз да, Анықтама, содан соң HP анықтамасын
іздеу түймесін басыңыз.
Windows® 8
Бастау экранындағы бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып,
бағдарлама тақтасындағы Все программы (Барлық бағдарламалар)
түймесін басыңыз, принтер атауын таңдап, Справка (Анықтама), кейін
Справка поиска HP (HP іздеу анықтамасы) таңдаңыз.
Windows® 7
Windows Vista®
Windows XP®
Пуск (Бастау) түймесін басып, Программы (Бағдарламалар) немесе Все
программы (Барлық бағдарламалар), HP тармағын, кейін принтер атауын
таңдап, Анықтама тармағын таңдаңыз.
OS X v10.10 Yosemite
OS X v10.9 Mavericks
OS X v10.8 Mountain Lion
Іздеу жүйесінде Справка (Анықтама) мәзірінен Центр справки (Анықтама
орталығы) тармағын таңдаңыз. Барлық бағдарламаларға арналған
анықтама түймесін басыңыз да, принтеріңізге арналған Анықтама
түймесін басыңыз.
HP OfficeJet 7510 series
HP OiceJet 7510 series