User Guide - Windows 8.1
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі əрекеттерді орындамас бұрын
пернетақта қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Пернетақта жаймасын таңдаңыз.
3. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
4. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру
Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл
əдісті амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты
диск дұрыс істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Жасалған НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тəртібін өзгертіңіз.
Компьютердің жүктеу ретін
өзгерту 81-бетте бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктеу ретін өзгерту
Егер HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы компьютер қайта басталмаса,
компьютер бастау туралы ақпаратты іздейтін BIOS бағдарламасындағы құрылғылар реті болып
табылатын компьютердің жүктеу тəртібін өзгерте аласыз. Оптикалық диск немесе USB флэш-
дискісі үшін таңдау ретін өзгертуге болады.
Жүктеу тəртібін өзгерту үшін
1. Сіз жасаған НР қалпына келтіру дискісін компьютерге салыңыз.
2. Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді өшіріп қайта
бастаңыз жəне esc пернесін
тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 81