User Guide - Windows 8.1
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сəйкес келетін əдіс пен
шеберлік деңгейін таңдаңыз:
● Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру жəне
компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша
ақпаратты жəне нұсқауларды алу үшін Анықтама жəне қолдау бағдарламасын қараңыз.
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан
кейін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
●
Егер сізге алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мəселесін шешу қажет болса,
жеке қолданба немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager (НР Қалпына
келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралының Drivers and Applications Reinstall
(Драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Бастау экранында recovery деп теріп, HP Recovery Manager бағдарламасын таңдаңыз
да, Повторно
установить драйверы и приложения (Драйверлер мен қолданбаларды
қайта орнату) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Егер компьютеріңізді ықшамдалған кескінді пайдалану арқылы бастапқы қалпына
келтіргіңіз келсе, HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) HP
Minimized Image Recovery (НР Ықшамдалған кескінді қалпына келтіру) мүмкіндігін таңдауға
немесе НР Қалпына келтіру дискілерін пайдалануға болады. Minimized Image Recovery
(Ықшамдалған кескінді қалпына келтіру) мүмкіндігінің
көмегімен тек драйверлер жəне
жабдықты қосатын бағдарламалар ғана орнатылады. Кескінде қамтылған басқа
бағдарламаларды HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық
құралының Drivers and Applications Reinstall (Драйверлер мен қолданбаларды қайта
орнату) мүмкіндігі арқылы орнатуға болады.
Қосымша ақпаратты
HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру 79-бетте бөлімінен
қараңыз.
●
Компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе бұрын жасалған HP Recovery медиа
құралындағы жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға болады. Қосымша ақпаратты
HP
Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру 79-бетте бөлімінен қараңыз. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса,
НР жүйені қалпына келтіру құралын
жасау 77-бетте бөлімін қараңыз.
●
Егер қатты диск ауыстырылған болса, зауыттық кескінді ауыстырмалы дискіге қалпына
келтіру үшін НР қалпына келтіру дискісіндегі Factory Reset (Зауыттық параметрлерді
қалпына келтіру) мүмкіндігін пайдалана аласыз. Қосымша ақпаратты
HP Recovery Manager
көмегімен қалпына келтіру 79-бетте бөлімінен қараңыз.
● Егер қалпына келтіру бөлімін қатты дискідегі орынды босату мақсатымен жойғыңыз келсе,
HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы Remove
Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) функциясын қамтамасыз етеді.
Қосымша ақпаратты
HP Recovery бөлімін жою 82-бетте бөлімінен қараңыз.
HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді жасалған HP Recovery медиа
құралы немесе HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) көмегімен бастапқы зауыттық
күйіне келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса,
НР жүйені
қалпына келтіру құралын жасау 77-бетте бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 79