User Guide - Windows 8.1

4. Тіркелуді аяқтау үшін, саусағыңызбен 3 рет жүргізіп өтіңіз.
Саусақ сəтті тіркелгеннен кейін оның белгішесі жасыл түсті шеңбермен көрсетіледі.
5. Windows құпия сөзін орнату үшін, Настроить вход в Windows (Windows жүйесіне кіру
параметрлерін орнату) параметрін таңдаңыз.
Windows жүйесіне кіру үшін тіркелген саусақ ізін пайдалану
Windows жүйесіне саусақ ізіңіз арқылы кіру үшін
1. Саусақ ізіңізді тіркегеннен кейін Windows жүйесін қайта бастаңыз.
2. Windows жүйесіне кіру үшін, тіркелген кез келген саусақты сырғытыңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі жəне
желіаралық қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының
сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған
вирустардан жəне
басқа қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін
қауіпсіздік бағдарламалық құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе
таңдауыңыз бойынша бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп,
олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын
шешеді.
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы
бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала
орнатылуы мүмкін. Компьютерді
толығымен қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес
беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін бастау экранында hp support
assistant (hp қолдау көмекшісі) деп теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі)
бағдарламасын таңдаңыз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану 71