User Guide - Windows 8.1
Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде)
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау құралына малынған шүберекпен
жайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің жақтары немесе қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың
біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап
түсуіне жол бермеңіз.
● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет
пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз.
● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды жəне
қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
●
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
◦
Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын
шығарып алыңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге
алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік
өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы
конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
66 Бап 7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету